Ақан Сатаев "Қазақфильм" басшысы қызметінен кетті

28 қыркүйек 2022, 09:06

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деп жазды Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.

"Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін", - деп жазды мәдениет және спорт министрі.

 Tengrinews.kz