Өркениет

Ақан Сатаев өзі киноға түсірген үлкен қызын ұзатты (фото, видео)

  • Ақан Сатаев өзі киноға түсірген үлкен қызын ұзатты (фото, видео)

    Ақан Сатаев өзі киноға түсірген үлкен қызын ұзатты (фото, видео)

 Отандық танымал режиссер Ақан Сатаевтың отбасында қуанышты жаңалықтар орын алуда. Кинсаласының майталманы осы карантинде үлкен қызы Марйамды ұзатып, қияға қондырды. Қос ғашық жақындарының куәгерлігімен мешітте некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақан Сатаев перзентінің тұрмысқа шыққанын Instagram желісінде өзі хабарлады. Режиссер еліміздегі жағдайды ескере отырып, қызын той-думансыз ұзатуды ұйғарған. Екі жастың ет-жақындары мешітте жиналып, олардың неке қию рәсіміне қатысыпты. Марйам Сатайдың сіңлісі оның тұрмысқа шығып жатқан сәтінің видеосымен бөлісіп, көпшілікті қуантты. "Құрметті достар! Бүгін біз, Алланың қалауымен, Назира екеуіміздің үлкен қызымыз Марйамды мешітте некесін қиып, күйеу баламызға Есболатқа аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, Сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла Тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын! Әмин" , - деп жазды ол. Ақан Сатаевтың күйеу баласы кино әлемінен алыс емес болып шықты. Белгілі режиссердың қызының жүрегін "Nomad stunts" кәсіби каскадері Есболат Әбдіберік жаулай алған.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 1243    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31