Өркениет

Ақбота Керімбекова кімді әнші ретінде мойындамайтынын айтты (видео)

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнерде жүрген әріптестері Асхат Тарғын, Абай Бегей мен Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамайтынын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы аты аталған орындаушылар жеңіл өлеңдерінің арқасында хит болып жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Ақбота Керімбекова бағдарлама жүргізушісінің сұрағына жауап бермес бұрын, біраз уақыт ойланды. Өнер иесі өзімен бір саханын бөлісіп жүрген әріптестерін ренжітіп алғысы келмейтінін алға тартты. Алайда, ақыры өзі әнші ретінде мойындамайтын орындаушыларды атады.

 

Эстрада өкілі аталмыш тұлғаларды әнші деп есептемегенімен, олардың бойындағы адами қасиеттерін аса қатты бағалайтынын жеткізді.

 

"Қазір жеңіл әнімен халық алдында хит болып жүргендер бар. Өнерін бағаламасам да, адами қасиеттерін сыйлайтын әріптестерім бар. Мойындамайтын әншілерім өте көп. Айтпай-ақ қойсам деп едім. Олардың қатарына Асхат Тарғынды, Абай Бегейді және Сиви Махмудиді қоссаңыз болады. Әнші деп есептемеймін" , - деді өнер иесі.

 

Қызығы, Керімбекова өзін де толыққанды әнші деп есептей алмайтынын айтты. Ол әлі халыққа берері әрі үйренер дүниесі көп екенін жеткізді.

 




Көрілген: 3202    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30