Өркениет

Ақбота Керімбекова Шымкентке лауазымды қызметке барды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова жаңа қызметке тағайындалды. Өнер иесі Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Керімбекованың тағайындалуына қатысты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып, әншінің өнердегі құрбысы Индира Елубаева бөліскен.

 

Ол эстрада жұлдызының жаңа қызметке ауысуы жайлы Instagram парақшасында хабарлап, оған жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеген.

 

"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла" , - деп жазған Индира Елубаева.

 

Желі қолданушылары да Керімбекованы бұл жетістігімен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырған.

 

"Құтты болсын, жұмысыңыз алға бассын" , "Барлық әншілерді Шымкентке жіберіп жатқаны қызық" , "Күтпеген жаңалық. Құтты болсын. Жетістіктеріңізге тоймай жүре берейік" , "Тағайындалуыңызбен, сіз үшін қуаныштымын" , - деп жазуда халық.

 

Еске сала кетейік, Керімбекованың алдында белгілі әнші Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

 

Оған қоса, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының" басшылығына келді. Ол директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

 

 




Көрілген: 5201    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31