Өркениет

Ақбота Керімбекованың төртінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

  • Ақбота Керімбекованың төртінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

    Ақбота Керімбекованың төртінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде тарап кеткен өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді. Желіде белгісіз біреулер әнші мен Бақытқали Қонысбаев есімді азаматты жұптастырып, қауесет таратқан деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Әнші жұрттың жұптастырған азаматының өзіне кім болып келетінін ашып айтты.


"Өзімнің қолымда 15 жылдан аса туған бауырымдай болған. Ұрыссам ұрысып алам, ақылымды айтам. Туғанымдай болып кеткен бауырым - Бақытқали деген азамат. Ылғи да "Әпке бір дуэт айтайықшы" деп айтып жүретін. Қанша жыл менің қарамағымда жұмыс істеп, еңбектеніп жүр. Сөйтіп осы жақында өзінің шығарған керемет әнін жаздырған болатынбыз.


Өткенде Instagram-ға қарап қалсам, маған "Мынау рас па?" деп жазып жатыр. Ананы ашып қарасам, шыны керек шошыдым.

Қандай адам Алладан қорықпай, біреудің артынан ғайбат сөз айтып, жалған ақпарат таратып, жазылушыларының санын көбейту үшін... Адамның өміріне қол сұғып, жеке өміріне тіл тигізіп, небір дүниелер жасалып жатыр.


Сол Бақытқали екеумізді үйлендіріп жатыр екен. "Жақында тойы болады" деп", - деді ағынан жарылған Ақбота Керімбекова.

Ал желіде Ақботаның жұптастырылған азаматы Бақытқали Қонысбаев та бұл шуға қатысты жауап берді.


"Енді мұндай нәрсе шығады деп ойлаған жоқпын. Ақбота әпке менің туғанымдай. Ол кісіні әпкемдей көремін", - деп жауап берді жас әнші.


Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Ақбота Керімбекова үлкен ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын.


 




Көрілген: 2218    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30