Өркениет

Ақбота Сейітмағамбет Айдарқұловпен ара қатынасы туралы айтты

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі болған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет өткен жылы ресми түрде ажырасып кеткен еді. Алайда әркез елдің қызу талқысына түсіп жүрген жұлдыздардың бүгінгі қарым-қатынасы қандай екені қалың көпшілікке беймәлім. Бұл сұрақтың жауабын актрисаның өзі айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Сейітмағамбет бүгінде Дәурен Айдарқұловпен арақатынасы қандай екені жайлы бар шындықты айтты.

 

Өнер иесінің айтуынша, олар хабарласып тұрады екен. Актриса жұмыстары мен балалары ортақ болған соң, бұрынғы жолдасымен көрісіп тұратынын да жоққа шығармады.

 

Оған қоса, Ақбота Сейітмағамбет балаларының әкесімен бір фильмге түсуден бас тартқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Актриса ол туындыға басқа жобасымен тұспа-тұс келіп қалғандықтан, уақыт тапшылығы салдарынан түсе алмағанын жеткізді.

 

"Өткен жылы бізге бірге түсуге ұсыныс келген болатын. Ол жаз кезінде болды. Бірақ, менің басқа жобам болды. Бес ай бойы бір бағдарламаны жүргіздім. Бірақ, бас тарттым деп айта алмаймын. Хабарласып, сұрасу керек шығар. Оған қарым-қатынастың қатысы жоқ. Мен жұмыс бабымен бас тарттым. Балаларымыз ортақ, жұмысымыз ортақ. Бүгінде біз дос ретінде араласамыз. Қандай бағдарлама, қандай жоба болсын біз бірге жұмыс істейміз. Біз солай келіскен болатынбыз. Екеуміз бірге фильмге түсуге қарсы емеспіз. Әрине, біз араласып тұрамыз. Мен үшін ол балаларымның әкесі ғой, жау емес. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын" , - деді Ақбота Сейтімағамбет.

 

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет хиджабты не үшін шешіп тастағанын айтқан болатын. Ол оранып жүріп өнерде ақша табу қиын екенін алға тартты.

 

 

 

 




Көрілген: 2963    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 13:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30