Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақбота Сейтмағамбет: Сенің суық жүрегіңе қаншама махаббатты төктім

31 шілде 2021, 01:33

КешYou тобының бұрынғы әншісі, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Instagram-да мұңға толы жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп жазады Stan.kz.

Ақбота-Нұр мұңайып тұрған суретін жариялап: 

"Сенің суық жүрегіңе қаншама махаббатты төктім. Қаншама рет сол мұздай жүрегіңде тайғанақтап құладым. Жараландым. Қайта тұрып, сол мұз жүректе махаббатпен асыр салып ойнап, бақытты болдым. Қанша таңдау тұрса да, мен әрдайым сезімнен тоңатын өмірді таңдадым", – деп жазба қалдырды. 

 
Бұған қарап, оқырмандар күйеуімен ажырасқан Ақботаның көңілі құлазып жүр деп топшылады. Оған қолдау сөздерін де аямады.

"Өмірде жылы махаббат сыйлайтыны жолықсын", "Қамықпа, Ақбота, жарқын өмірің алдыңда... Алла балапандарыңның қызығын көруге нәсіп етсін!", "Екі баланың әкесі Дауренді ұмыта алады дейсің ба, ол жақсы болсын, жаман болсын, жүрекке әмір жүрмейді", – деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет 4 жылдық некеден соң, былтыр ажырасқан еді. Екеуінің ортақ бір ұл, бір қызы бар. Ақботаның айтуынша, екеуінің екі жаққа кетуіне Дәуреннің шектен тыс қызғануы себеп болған. Өз кезегінде Айдарқұловтың өзі Ақботаны шын сүйгенін, 34 жасында алғаш ғашық болғанын мойындаған еді.