Өркениет

«Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар»: Асхат Тарғын әріптесіне қарымта қайтарды

  • «Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар»: Асхат Тарғын әріптесіне қарымта қайтарды

    «Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар»: Асхат Тарғын әріптесіне қарымта қайтарды

Оған қоса, ол Керімбекованың әнші деп есептемейтін өнер өкілдерінің арасына өзін қосуында онымен тілдескен журналистің де кінәсі бар екенін алға тартты.

Отандық шоу-бизнес өкілі Асхат Тарғын өзін әнші ретінде санамайтынын айтқан Ақбота Керімбековаға жауап берді. Ол алдымен өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптесіне мүлдем ренжімейтінін алға тартып, артынша оны да мойындамайтын адамдар бар екенін ескертті, деп жазады  NUR.KZ, «Гу-гулет» бағдарламасына сілтеме жасап.

Асхат Тарғын өнердегі әріптесі аталмыш сұхбаттан кейін оған хабарласып, кешірім сұрағанын жеткізді. Оған қоса, ол Керімбекованың әнші деп есептемейтін өнер өкілдерінің арасына өзін қосуында онымен тілдескен журналистің де кінәсі бар екенін алға тартты.

«Жоқ, оған ренжіген жоқпын. Неге ренжимін? Әркімнің өз пікірі бар. Мүмкін Ақбота солай ойлайтын шығар. Ақбота солай ойлайды екен деп, барша халық олай ойламайды ғой. Дұрыс па?

Ақботаны да әнші ретінде санамайтын адамдар бар. Сондықтан оған ренжудің ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймын. Оның үстіне, бүгін ғана маған жазды. «Асхат, ренжіме, сұхбат беріп едім. Бірақ, сіз туралы менің ойым ешқандай жаман емес. Өзіңнің азаматтығың мен адамгершілігіңді жақсы құрметтеймін. Бірақ, мен өз ойымды айттым», - деді. Негізі ол мені айтқан да жоқ. Журналист өзі салып берді аузына. Өзі менің атымды атап, аузына салып берді. Ақбота болса, ол жерде мүлдем мені ойлап отырған да жоқ», - деп ақтады әріптесін Асхат Тарғын.




Көрілген: 2278    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 01:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31