Өркениет

“Әкемнің фамилиясын естігенде ұялып кетемін”: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қызы сұхбат берді

  • “Әкемнің фамилиясын естігенде ұялып кетемін”: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қызы сұхбат берді

    “Әкемнің фамилиясын естігенде ұялып кетемін”: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қызы сұхбат берді

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың кенже қызы Шолпан Мұқағали қызы "Тілеуханұлымен сұхбат" бағдарламасына келіп сұхбат берді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Шолпан Мұқағали қызы қазіргі таңда Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Сұхбат барысында әкесі туралы көп естеліктер айтып берді.

- Сіздің Шолпан Мұқағалиқызы екендігіңізді естігенде адамдар қандай әсерде болады?

- Енді былай естіген адамдар таң қалып жатады әрине. Әсіресе той-томалақтарда отырған кезде "Мұқағалидың қызы" - деп адамдар өзара сыбырласып жатады. Сондай кезде мен қатты ұялып кетемін. Өзім ондайды онша ұната бермеймін. Ыңғайсызданып қаламын.

- Фамилияңыздың пайдасы тиген кезі болды ма?

 - Қазір көшелерге әкемнің аты-жөні беріліп жатыр. Шүкір. Көп адам фамилямның пайдасы көп, кез-келген жерде проблемасын шешеді деп ойлайтын шығар. Шыны керек олай емес, пайдасы болды әрине бірақ, анау айтқандай емес.

- Әкеңіз ішіп алып өлең жазған ба?

- Жоқ, ешқашан. Әкем ішіп алып өлең жазбайтын. Кабинетіне кіріп алып сол жерде ғана жазатын. Әкемнің өлеңдері толқын сияқты болатын. Шимайлап тастамайтын еді. Жазуы өте әдемі болатын. Қызығатын едім.

 -Француз тілінің маманысыз, француз тілін жетік білесіз. Әкеңіздің өлеңдерін француз тіліне аударғыңыз келмей ме?

- Жоқ, ол енді сөз бе сөз аудару деген қиын нәрсе, оны жеткізе білу үшін әкемнің дарыны сияқты дарын керек. Әкемнің өлеңдерінде өзіңіз де білесіз, филологсыз ғой терең ойлар, бір емес бірнеше ойлар жатыр ғой.

kaz.caravan.kz




Көрілген: 10333    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31