Өркениет

"Әкең гүл шығаратын зауыт па?": Қойшы бала қыздарға қалай қырындайтынын айтып, елді күлдірді

  • "Әкең гүл шығаратын зауыт па?": Қойшы бала қыздарға қалай қырындайтынын айтып, елді күлдірді

9-сыныпта оқитын Айдос "жүрегімнің иесі әлі табылмай жатыр" деп жұртты күлкіге қарық қылды. Айтуынша, ауылда оқып жүргенде оған қарамай қойған қыздар көп болған. 

"Көбі ауылдағы сыныптастарым болған. Кішкентай кезімізде Аружан деген қызға ғашық болдым. Староста болған. Оның бәрі тауық махаббат қой. 
"Мама-папа қызың бар ма?" десе, иә, жүреміз деп өтірік айтатынмын. Ұлдардың арасында да тартыс болатын. 

 
Аружан білмейді оны. Кім жеңіледі, сол барып "сені анау жақсы көреді" деп айтады ғой. Негізі қатты төбелесіп кетпейміз. Ауызбен ғана. 
Бәстесіп, Аружанның өзінен сұраймыз. Бәрімізді жақсы көрмейтінін білген соң, басқа қызға барамыз", – деп еске алды Айдос 1-сыныптағы махаббатын.

Айдос сезімін білдіріп, сөз салған қыздардың ішінде жылап, хатты жыртып тастаған қыздар да болған. Ондайда мектепке баруға ұяласың, дейді Қойшы бала. 

"Сәлем! Қалайсың?" деп бастап қыздың көңілін аударуға тырысасың. "Сенің әкең гүл шығаратын зауыт емес па?" дейсің. "Жоқ" десе, "Ендеше, сендей гүлді қайдан тапқан?" дейсің. "Аспандағы жұлдыздар ма көзімнің жанарын алып тұрған десем, сен екенсің ғой" дейсің. Хат жазып, жүректің суретін саласың. Love is деген сағыздан жүрек салып барасың, жыртып тастайды ғой. 

Жайна деген қыз болды, 4-сыныпта кетіп қалды. Практикант апай келіп: “Жайна менің сіңлім, оны кім жақсы көреді?" - дегенде барлық ұлдар тақтаға шығып тұрдық. Ол қыз ұялып, 2-3 күн сабаққа келмей қойған. 

Сыныптағы үшінші махаббатым - Жансая деген қыз болған. Бойы ұзын, әдемі қыз болатын. 6-сыныпта, қыста ғой. Қыздарды қарға қадап ойнаймыз. Қар атысып жүрген кезде Жансаяға ғана тиісе беретінмін. Бір күні WhatsApp-тан: "Сен неге маған ғана тиісе бересің?" деп жазды. "Әдемі болғандықтан шығар" дедім. Кішкентай шоколад бересің, одан үлкенірек, соңына қарай үлкен Merci сияқтысын бересің. 

Ең соңында "қызым боласың ба?" десең "жоқ" дейді. Үйге барып түңілесің, қайран 5000 теңгем-ай дейсің...Оның үстіне, қасымда отыратын қыз еді. Қыста туған күніне 10 мың теңгеге алқа, сақина алып бергенмін. Ол да бар. Одан кейін махаббат дегенді тоқтаттым", - деп ағынан жарылды Айдос. 

Бір қызығы, кезінде Айдосқа қарамай қойған қыздар ол танымал болып шыққаннан кейін өзгеріп шыға келген. Тіпті, қайта хат жазған арулар да табылыпты. 

"Баяғыда араласпайтын қыздар жаза бастады. "Кезінде артымнан жүгіріп едің" ғой деген қыздар болды", - дейді Айдос. 

stan.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 15:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31