Өркениет

Әкесі Ринат Зайытов жайлы: Анасымен қалғанда оған басқа адамдар жолықты...

  • © KYN.KZ.

    © KYN.KZ.

Танымал ақын Ринат Заитовтың әкесі Рифхат Заитов журналистерге сұхбат беріп, ұлы жайлы көпшілік біле бермейтін құпиялармен бөлісті деп жазды KYN.KZ.


«Ринат дүниеге келетін кезде де қызық болды. Ол отбасындағы төртінші перзент. анасы үш баладан қиналған болар, осыған келгенде дүниеге әкелгісі келмеді. Содан мен қарсылық танытып, бала 1983 жылы дүние есігін ашты.


Ол кезде қиыншылық кезең басталған сәт. Бірақ баланы періштесі қағады дейді ғой, кез-келген қиындықтан Ринат әйтеуір жолы болйып шығып кететін.


Ол мектеп оқып жүрген кезде анасымен ажырастық. Ешқандай ұрыс болған емес. Осылай дастархан басында сөйлесіп, келісімге келіп бір костюммен үйден шығып кеттім.


Ринаттың алдындағы үш балам қарсы болды ажырасуымызға, реніштерін айтып жатты. Ринат бір ауыз қатты сөз айтқан емес бетіме. Содан олар Семейге көшіп кетті. Сол жақта оның алдынан басқа адамдар жолықты. Сері, ақын кісілер оған жол көрсете бастады.


Мен айтам оған «Өзіммен қалғанда мен он бір бітіртер едім, мүмкін басқа салада адастырар едім» әр заттың қайыры бар, отбасындағы қиындық Ринатты тәрбиеледі деп ойлаймын. Содан ол бала күнінен аймақтағы елдің аузына іліне бастады.


Өзім жолдастар арасында әзіл, шарж жазып тұрамын. Оны Ринат жаттап алып елге оқитын. Содан жолдастар кейде ренжіп жататын. Елге жайылады ғой енді. Ринаттың есте сақтау қабілеті мықты болатын»,- дейді әкесі.


Әкесі алдыңғы екі ұлын ұрып тәрбиелегенімен Ринатты еш ұрыспапты.


«Алдыңғы екі ұлды ұрып, соғып өсірдім. қатал болдым. Ринатты ұрмақ тұрмақ, ұрысқан емеспін. Оған ақындық, серілік аталарынан келген.


Өзімнің бабаларым кезінде танымал ақын болған. Рианатты саясиланып кеткен дейтіндер бар. Мен мектепте оқу ісі бойынша меңгерушімін. Ұлыма «Кейде директордың ісі дұрыс болмайды. Бірақ, мен оған оны бетіне айта алмаймын» дейтінмін.


Керек кезде шегініс жасап, бір саты төмен түсуге болатынын айтқанмын. Енді бала өзі шешім шығарады не сөйлесе де.


Мен өз парызымды жасадым. Бірақ, кейде Ринатпен сөйлесіп отырсаң арасында патшаны мақтан тұтады. халық өзі Риннаттан билікке қарсы адам жасап алған сияқты. Ринат негізі билікке емес, биліктің қателігіне қарсы адам. ол қателікті Назарбаев емес, айналасындағылар жасап жүр. сын айтпай мін түзелуші ма еді? Ол дұрыс айтқаны.»,-деді ақынның әкесі Рифхат заитов. 




Көрілген: 2481    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31