Өркениет

Әкесі туралы айтқан Тәуекел Мүсілім еңкілдеп жылап қалды

  • Әкесі туралы айтқан Тәуекел Мүсілім еңкілдеп жылап қалды

    Әкесі туралы айтқан Тәуекел Мүсілім еңкілдеп жылап қалды

 Тәуекел Мүсілім өнер жолында тез танылғанымен, бұл саланың өзіндік қиындықтары барын мойындайды. Бала күнінен тұйық өскен бала көп алдына шығып, өзін көрсетуін үлкен жетістік деп санайды. Актер әкесі мен анасы, жары туралы айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz   "ER-BATYR" жобасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәуекел Мүсілім отбасында анасымен, әпкесімен өсті. Ата-анасы бала күнінде ажырасып кеткен. Дегенмен әкесін көріп, танып, біліп өскен. Есімі Алашқа белгілі азаматтың ұлы екенін санасына түйіп өскен. Анасының әкесіне деген махаббатын, құрметі жоғары бағалайды.

"Бала күнімде әкем бізге кеп тұратын. Сол кезде анам қонақ күткендей күтетін еді. Ол кезде ажырасып кеткен. Соның өзінде жұмысынан сұранып келіп, дастархан жайып, асыға күтетін. Күлімдеп қарсы алып, бар жақсыны дастарханға салады. Бұл әкеме деген құрметі, махаббаты еді. Бізге ешқашан әкең жаман, бізді тастап кетті деп сөккен емес. 30 жасында ажырасып кетсе де, қайта күйеуге шыққан жоқ. Бұны анамның ерлігі санаймын",- деді актер.

Тәуекел Мүсілім әкесін есіне ала көзіне жас алды. Тіпті сөйлей алмай еңкілдеп жылап қалды. Бұл оның әкесіне айта алмаған сөздері, әкесіз өскен жігіттің мұңы, көңіл-күйі еді. Актердің өзі бала күнінен өте ұялшақ, тұйық болғанын мойындайды.

"Мен өте тұйық едім. Анаммен бірге қонаққа барсам, үйге кірмей далада күтіп отыратынмын. Себебі өте тұйық болдым. Оның бір себебі әкесіз өскенімнен шығар деп ойлаймын. Сөйлей алмайтынмын, көпшілік ортада ойымды жеткізе алмайтынмын. Мен кейін келе өзімді жеңіп, қайрап жүріп ашыла бастадым. Баланың ойын айтып үйрету керек. Баланы аша білу керек деп ойлаймын. Бұл анамның кінәсі емес. Анамның маған көп көңіл бөлуге уақыты да болған жоқ", - деді ол.

Тәуекел әкесінің алдында өзін барынша лайықты ұстауға тырысқан. Бала болса да әкесін жақсы көрді, іздеді.

"Біз бір бөлмелі пәтерде тұрдық. Әкем достарын ерте келуші еді. Сол кезде анам, әпкем үшеуміз ас үйде жататынбыз. Әкем үнемі көппен жүретін. Әкем мені өзімен алып кеткенде достарының балаларымен күрестіретін. Мен сол балалардан әкемнің алдында жеңіліп қалмауға, мені мақтанышы деп санауға лайық болуға тырысушы едім", - деді актер.

Тәуекел өз балаларын ешқашан тастап кетпеуге, ажыраспауға өзіне өзі уәде еткен.

"Мен әкесіз өскеннің қандай қиын екенін білемін. Әкенің тәрбиесін алмағаным себепті мен тұйық болдым. Мен ұялшақ болдым. Сол себепті өз балаларым болса, ешқашан тастап кетпеймін деп, ажыраспаймын деген уәдем бар", - деді ол.

Stan.kz




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30