Өркениет

ӘКЕСІМЕН ВАЛЬС БИЛЕГЕН ДҰРЫС ПА?..

  • ӘКЕСІМЕН ВАЛЬС БИЛЕГЕН ДҰРЫС ПА?..

    ӘКЕСІМЕН ВАЛЬС БИЛЕГЕН ДҰРЫС ПА?..

Күн жылына үйлену тойы мен қыз ұзату көбейеді. Дүрілдетіп той өткізгеннен, «гүр-гүр» етіп тойда отырған жақсы, әрине. Бірақ, осы «қу бас домалайтын» тойдың ішінде қыз ұзатудың соңғы кездері ерсі көрінетін бір үрдісі пайда болды. Мұны дәстүр деуге де болмас, әдеттегідей өзгенің қаңсығын таңсық көруден туған әдет баяғы. Ол- ұзатылу тойының соңында қыздың әкесімен қосылып вальс билеуге шығатыны. «Алаш айнасы» қазақтың тойы жайында былайша әңгімелейді.
Бұл соңғы оншақты жылдан бері дендеп еніп кеткен құбылыс. Рас, кейбір тойлар мұндай «дәстүрден» ада өтеді. Оның өзінде көбіне той халал түрінде өтсе ғана, әрине. Соған қарамастан қызы құтты ұясына қадам басар шағы таяғанда әкесімен бірге вальс билегенді дұрыс көретіндер көбейе түскені байқалады.
Кім қызын қалай ұзатса да еркі өзінде болғанымен, ұлттық салт-дәстүрден тамыр ажыратуға болмайтынын бәрі де мойындаса керек. Рас, қазіргі қыз ұзату тойларында ортаға ұзын ақ мата жайылып, қыз төбесіне шаңырақ қондырып ортаға әкелетін де жақсы көрініс бар. Одан кейін күйеу жігіт екеуін бірін-біріне табыстырады дегендей. Бұл солай болуға тиіс те. Бірақ, ең ерсі көрініс қыздың әкесімен қоштасу вальсіне шығуы қалай десек те ақылға сыймайды. Себебі, вальс романтикалық би түрі. Ер мен әйелдің, қыз бен жігіттің арасындағы. Қыз өзінің болашақ жарымен билесе қандай жарасымды көрінсе, қыздың анасы құдасымен, күйеу жігіттің әкесі құдағиымен вальске шықса сондай үйлесімді болып шықпай ма? Сол секілді құдашалар мен құда балалардың өзі бірін-бірімен жақынырақ білісе түсуіне осы вальс себепкер болады. Ал өмір бойы алақанда аялап өсірген әкесі қызымен вальс билеп жүріп оған не айтпақ? «Өйтпе, бүйтпе, барған жерге балдай батып, судай сің» деген әкелік өсиетін сол кезде жеткізбек пе?.. Әлде әкелік тебіренісін сол арқылы жеткізе ме?.. Оны былай қойғанда әбден бойжетіп, сымбат көркі келіскен қызы әкесінің иығына қолын салып, қыпша белінен ұстатып қойғаны сырт көзге өрескел көрінбейтініне кім дау айта алады?.. Әкесімен вальс билеп жүрген болашақ келінін көріп оның ертеңгі ата-енесі не ойлайды?...
Мұның бәрін жиып қойғанда қыз ұзату да, үйлену тойы да ырду-дырду, ішіп-жеу емес, ұлттық дәстүр мен тәрбиенің көрініс табатын жері. Демек, қыз ұзату тойының батыстан енген әлгіндей «жаңалығы» дендеп еніп кетпеуіне күш салуымыз керек.

Содан кейін тағы бір айтар жайт, бойжеткен қызын қолдан ұзатуды тойхана, мейрамхана, кафелерде дүрілдетіп өткізуіне байланысты. Көп нәрсеге қолайлы болғандықтан, осындай көпшілік орынды таңдап, тапсырыс берген дұрыс та. Бірақ тап сол күні жай ғана екі жақ қуаныштарын бөлісуді көңіл-көтеру ниетінде атап өтіп, ертесіне, қызды бүкіл жөн-жоралғысымен өз босағасынан аттандырып шығарып салғаны жөн сияқты.
Бұған не дейсіз?! Әрине, мұнымен, жоғарыда айтылған ойлармен келіспейтіндер де табылар. Менікі, тек «іште пікір өлгенше» деп өз ойымды ортаға салу ғана. Пікір талқысы өз еншілеріңізде.

Автор: Гүлім Ағынғали, Астана қаласы




Көрілген: 2531    Пікірлер: 1

жұма, 04.07.2014, 12:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31