Әкімдік "Барыс-Аренадағы" концертке қатысты мәлімдеме жасады

08 мамыр 2022, 11:09

Әлеуметтік желіде 8 мамырда "Барыс Арена" ғимаратында концерт өтетіні туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. "Барыс Арена" ғимараты басшылығы, оның ішінде елорданың MTEXmanagement спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания өкілдері де қала тұрғындарына концерт өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанайпайтынын айтты", - делінген хабарламада.
"Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап, концертке шақыруды жалғастырып, адамдарды шатастырып жатыр! Қала тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді әкімдік өкілдері. 
Айта кетейік, ұйымдастырушылар да концерт өтпейтінін растап, Instagram-парақшасында шара шегерілетінін мәлімдеген.