Өркениет

Әкімдіктің қолдауымен өткен: Шымкентте концерт ұйымдастырғандарға айыппұл салды

  • Әкімдіктің қолдауымен өткен: Шымкентте концерт ұйымдастырғандарға айыппұл салды

    Әкімдіктің қолдауымен өткен: Шымкентте концерт ұйымдастырғандарға айыппұл салды

Шымкентте карантинді бұзғаны үшін жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткен концертті ұйымдастырушыларға айыппұл салынды.  Шоу Наурыз алаңында өткен. Шамасы, ұйымдастырушылар көп адам жинала бастайды деп ойламаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарық шамдар, қатты музыка, түтін және драйв. Ұйымдастырушылар карантиннен шаршаған жастардың көңілін осылай көтермек болған. Міндетті шарт автокинотеатр форматы болды. Барлық көрермендер автотұрақта өз орындарын алуы және көліктерінен екі метрден алыс кетпеуі керек еді. 

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер саны қатаң шектелген. Алайда, бірдеңе дұрыс болмады. Сахна алдында үлкен топ жиналды, оларды полиция қызметкерлері әрең ұстап тұрған.

"Адамдар қатты әуенге жинала бастады, және, әрине, мұндай жағдайда санитария талаптары сақталмады. Сондықтан қазіргі уақытта полиция мен санэпидемиологтар концертті ұйымдастырушыларға айыппұл салды", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31