Өркениет

Ақсулықтар диджей Иманбекке ескерткіш орнатуды ұсынды

  • Ақсулықтар диджей Иманбекке ескерткіш орнатуды ұсынды

    Ақсулықтар диджей Иманбекке ескерткіш орнатуды ұсынды

Ақсу қаласының тұрғындары Иманбек Зейкеновтің "Грэмми" музыкалық премиясын жеңіп алғанына байланысты ескерткіш орнатуды ұсынды, деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай ой Жастар бастамаларын дамыту орталығында шығармашылық индустрия қызметкерлерімен кездесу барысында айтылды.

 
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұл мүмкіндікті қарастырып көретінін айтып, өз кезегінде еңбектерінің арқасында бүкіл әлемге танымал болған павлодарлықтардың табысқа жету жолы туралы фильм түсіру туралы ойын алға тартты. Фильмнің желісіне Иманбектің немесе тағы бір танымал орындаушы Скриптонит деген атпен танылған Әділ Жалеловтың оқиғасы негіз бола алады.

Шығармашылық индустрияны дамытудың республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Данат Жумин Павлодарды шығармашылық индустрия тұрғысынан болашағы зор аймақтардың бірі деп атады.

Ол шығармашылық индустрияның толық дамуы үшін инфрақұрылым қажет екенін баса айтты. Павлодарда осындай тартымды нүкте бұрынғы техникум колледжінің базасында келесі жылы іске қосылуы жоспарланған "Technikum" арт-орталығы болуы керек. 

Орталықтың жобасы жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыру мәселесі келесі жылы шешіледі.




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 01:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31