Ақтаулық блогер: Орыс жігітімен төсектес болмағаныма өкінем

06 қазан 2022, 14:32

Ақтаулық атышулы блогер Салтанат Аманқосава орыс жігіттерімен төсектес болып көрмегенін айтып, елді шошытты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жұрттың сұрақтарына жауап берген ол жігіттер туралы айтты. "Орыс жігітімен жаттың ба?" деген сауалға Салтанат ойлана келе ыңғайсыздау жауап берген..

 

Мәссаған! Мүлдем жоқ. Тек қана қазақтар екен. Өзім де осы туралы ойланып отырмын. Осы күнге дейін бір де бір орыспен болмаппын ғой, — деді блогер.

 

 

Салтанат Аманқосованың жұрт күтпеген мұндай жауабын желі қолданушылары сын тезіне алып, мұндай деңгейде шектен шығуға болмайтынын жазған.

 

"Ақырзаман келді деген осы", "Түріктермен болдың ба?", "Таза алжыған", "Мынау не сөз енді?", "Артың өртеніп кеткір сорлы", "Қара нәсілдерді де көрсейш" деген сыңайда түрлі пікір жазылған.

 

Бұған дейін бірнеше рет түрлі мәлімдемелерімен жұрттың жағасын ұстатқан блогер әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жиі жауап беріп тұрады. Айына 32 миллион теңге табатынын айтқан блогер кезекті жауабында "жас балаларды кішкентай омырауыммен емізіп жүрмін" деп айды аспанға шығарған еді. Кейін көп балалы аналардың шағымына "асырай алмасаң тума!" деп төбеден жай түскендей етіп жауап берген. Таяуда блогер Ақтауда жаланаш жігіттермен билеп тағы да көпшілікті таң қалдырған болатын.