Актер Асылхан Төлеповтің баласы қайтыс болды

30 наурыз 2022, 20:00

Актер Асылхан Төлеповтың кіші ұлы Ақан қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы Асылханның ағасы актер Артур Төлепов Instagram-да жазды. 

 

"Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иамның салтанат болсын. Біз сені жақсы көреміз", - деп жазды ол.

 

 

 

Асылханның жары Айсұлу да Instagram-да "Ботақаным-ай..." деген жазба қалдырды.

 

 

Артынша ақпаратты Асылхан Төлеповтің өзі де Instagram желісіндегі парақшасында растады.

 

 

Асылхан Төлепов - Қазақстандық актер. 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек Мың бала" фильміндегі Сартай батырдың ролінен кейін танымал бола бастаған. Ол 2017 жылы отбасын құрған. Бірінші баласының есімі - Алпамыс. Ал екінші ұлы Ақан былтыр дүниеге келген еді.