Өркениет

Ақтөбелік әнші Рим Папасының қолынан марапат алады

  • Ақтөбелік әнші Рим Папасының қолынан марапат алады

    Ақтөбелік әнші Рим Папасының қолынан марапат алады


Италияда ән салған Светлана Касьян ерекше дауысымен Рим Папасының көзіне түсіп, бірнеше мәрте мақтау естіген




Ақтөбеден шыққан ресейлік опера әншісі Светлана Касьян Рим Папасының қолынан орден алатын болды деп хабарлайды Тvkultura.


Марапаттау шарасы Ватиканда Пасха күндерінің бірінде өтеді. Бұдан бұрын әнші Италияда бірнеше мәрте өнер көрсетіпті. Сол кезде Франциск әкейдің көзіне түсіп, талай рет мақтау естіген.Ерекше дауысымен Рим Папасын тәнті еткен әнші әулие Сильвестрдің рыцарь орденімен марапатталмақ.


"Менің мақсатым - адамдарға, Құдайға, сұлулыққа қызмет ету", - дейді әншінің өзі.


Айта кетсек, Светлана Касьян 1993 жылы Ақтөбеге Батумиден көшіп келген. Қаладағы №26 орта мектепте оқыған, одан соң музыкалық колледжге оқуға түскен. Кейін Светлананы Мәскеу шақыртып алады, әрі қарай әлем сахнасына жол тартады. Әнші Вашингтонда Пласидо Домингоның өзінен тәлім алған. Бүгіндері Светлана Касьян - халықаралық сахнада өнер көрсететін Үлкен теар әншісі.





 



sputniknews.kz




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.04.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31