Өркениет

Ақтоты Райымқұлова «Қасым хан» тарихи фильміне қатысты пікір білдірді

  • Ақтоты Райымқұлова «Қасым хан» тарихи фильміне қатысты пікір білдірді

    Ақтоты Райымқұлова «Қасым хан» тарихи фильміне қатысты пікір білдірді

Қасым хан туралы тарихи фильмнің сценариіне қатысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пікір білдірді. Алматыға арнайы жұмыс сапарымен келген Ақтоты Райымқұлова Нәзира Бақаева («Қазақфильм» басшысы Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі) «Қасым хан» фильміне сценарий жазып жатқандар қатарында енді жоқ екенін, сондай-ақ, тарихи кинотуындының сценариі әлі дайын емес екенін айтты.

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театрының 95 жылдығына орай өткен жиын барысында Мәдениет министрі БАҚ өкілдерімен кездесуінде Azattyq Rýhy тілшісінің «Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Қасым хан» фильмінің сценаристеріне қандай баға бересіз? Қомақты қаржы бөлінетін тарихи киноның сценариін кім жазуы керек?» деген сауалына жауап берді. Министр Мемлекет басшысының мақаласынан кейін тарихи тақырыптағы фильмдерге басымдық берілетінін және осы бағытқа Қазақстанда барлық киноға қатысты қаржының 70 пайызы бөлінетінін айтты. Мемлекеттік тапсырыспен түсірілетін қалған фильмдерге тарихи жобалардан артылғаны жұмсалмақ. Сондай-ақ тарихи тұлға туралы киноның сценаристер тізімі қайта қаралып, «Қазақфильм» киностудиясы Асанәлі Әшімовті көркемдік кеңес жетекшісі ретінде таңдап алғанын жеткізді.

«Асанәлі ағамыз «Қазақфильм» компаниясының (киностудиясының - авт.) көркемдік жетекшісі және ағамызбен күнара сөйлесіп отырамыз. Бүгінде «Қазақфильмде» бірнеше жоба бар, соның ішінде өзіңіз айтқан «Қасым хан» да бар. Ол баяғыда басталып кеткен. Дұрыс айтасыз, Метин Гюнай мырза жұмысты бастап кеткен. Бірақ, ол өз жоспары бойынша жобадан кетті. Және оған қатысты қоғамда «Неге біздің фильмді түрік азаматы түсіреді?» деген сыңайда түсінбеушілік болды. Сондықтан осы жұмыс тоқтатылып, бүгінгі күнде Ақан Сатаев кинорежиссер болып, бірнеше көркемдік және түсірілім тобымен жұмысты бастап кетті. Негізгі түсірілімдер әлі болған жоқ. Сценаридің соңғы нұсқасы біткен жоқ, Асанәлі аға бұл тұрғыда Ақан Сатаевпен үнемі байланыста», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

sn.kz




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31