Өркениет

Актриса Құралай Анарбекова 30 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

  • Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова 30 жасын ерекше түрде атап өтіп, есте қаларлықтай кеш ұйымдастырды. Туған күн иесі қуанышына ортақтасқан барша жақындары мен өнер саласындағы достарына үлкен дастархан жайып, қонақ еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Құралай Анарбекованың туған күн кешінде Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Ләйлә Сұлтанқызы, Марсель, Raim мен Artur және тағы да басқа өнер жұлдыздары бой көрсетті.

 

Актрисаның 30 жасы дәл карантин уақытымен тұспа-тұс келіп қалған. Сол себепті, ол туған күнін мейрамханада азын-аулақ жақындарымен бірге тойлаған.

 

Кино саласының жұлдызы өзін құттықтап келген қонақтарына ерекше конкурстар ұйымдастырып, кешті анағұрлым қызықтырақ өткізуге тырысқан.

 

Сонымен қатар, Анарбекованың жеке мерекесі үшін жиналғандар бүгінде Tik-tok желісінде хит болып жатқан Raim мен Artur-дың әніне видео түсірген. Олар қатар-қатар болып тізіліп, әйгілі флешмобқа қатысты.

 

Құралай Анарбекованың туған күн кешіндегі фото және видеомен жұлдызды қонақтар арасынан тек қана Айқын Төлепберген бөліскен. Ол Instagram парақшасында көңілді отырыстан естеліктерді жариялаған.

 

 

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CBh6W6RlU3L/

 

Айта кетейік, карантин режимі жеңілдетілген соң, жұлдыздар біртіндеп той-томалақтарға шыға бастаған. Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей әріптестерінің ішінен алғашқылардың бірі болып, дүбірлі шараларда өнер көрсетіп қайтқан. Шахизада Байбатжанова да шағын тойға қатысып, қонақтар үшін ән шырқаған. Өнер иесі елу адам шақырылған тойдың қалай өтетінін айтып берді.

 




Көрілген: 1373    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31