"Ақыл тоқтататын уақытың келді": Ашық көйлек киген Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарын ашуландырды

27 шілде 2021, 08:52

Кәмшат Жолдыбаева ашық көйлек киемін деп тағы да сынға қалды, деп жазады Stan.kz.

Өнер иесі аптаған ыстықта фанаттарын "өртегісі" келген ұқсайды. Кәмшат кезекті даулы кадрды Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

 
Фанаттардың бір тобы оның сұлулығына қайран қалып, әлемге әйгілі Дженнифер Лопес, Шакиралармен салыстырса, екінші тобы қазақ екенін еске салып, ақыл тоқтатуға кеңес берді. 

"Сұлулық, жастық деген жақсы ғой, бірақ мәңгі емес. Жарың мен балаларыңды ойласай", "Стамбулда күн ыстық жеп естігем, бәсе сіз екен ғой ысытып жіберген", "Хот қой хот", "Джей ло мен Шакира жаныңызда тұрмайды", "Жаман қыз", "Ақыл тоқтататын уақыт келді, ботам", “Қазақ ұлтының соры, қазақ екеніңді, Қазақстаннан екеніңді жарнамалама. Басқа ұлт пен ел тауып ал”, - деп жазды оқырмандар.