Өркениет

"Ақылға қонымсыз": Айдар Тұрғамбек фонограммаға тыйым салу туралы

  • "Ақылға қонымсыз": Айдар Тұрғамбек фонограммаға тыйым салу туралы

Айдар Тұрғамбек фонограммаға тыйым салуға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек әншілерге қолдау танытып, фонограмманы алып тастауға қарсы екенін айтты. Өйткені әнші үнемі жанды дауыста ән айта алмай қалуы мүмкін деп есептейді. Өнерде фонограммамен ән салу міндетті болатын кездердің де бар екенін жеткізді ол.


"Фонограммамен айтатын сәттер болады. Мысалы қыс кезінде далада ән айта алмайсың. Әнші де адам ғой, ол ауырып қалуы мүмкін. Одан кейін, телевиденияның түсірілімінде міндетті түрде фонограмма қолданылады. Мүлдем алып тастауға болмайды. Алып тастаса, баяғыда Рессей алып тастайтын еді. Барлығы жанды дауыста ән айта алады", - дейді Айдар Тұрғамбек.


Егер заң енгізілетін жағдай болса, онда бұл мәселені саутты, өнердің қазанында қайнап жүрген адам қарап, қадағалауы керек деп есептейді Айдар Тұрғамбек. Өмірдің әртүрлі жағдайларына байланысты әншінің жанды дауыста ән айтуға мүмкіндігі болмауы мүмкін дейді ол.


"Бұл нәрсеге кең қарау керек. Заң қабылдап, қиып тастау ақылға қонымсыз нәрсе. 4 адамға микрафон жетпей қалатын кездер болады. Аппарат өте нашар болған кезде, дауысың халыққа естілмей қалады. Мүлдем кесіп тастауға болмайды деген осыдан шығады. Заң қабылданатын болса, көзі ашық, көкірегі ояу, өнерде жүрген адам қабылдауы керек", - дейді Айдар Тұрғамбек.


 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.08.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31