Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақын ауылындағы «Ақбота»

27 қаңтар 2011, 11:21

160 бүлдіршін ғана емес, мыңдаған тұрғын қуаныш құшағына бөленді. Мемлекет басшысының республикамызда балабақшалар санын көбейту мақсатындағы «Балапан» бағдарламасы Қарағанды облысында мүлтіксіз орындалып, көп жыл бойы зарыға күткен халықтың көңілінен шығып келеді.
Өткен жылы мектеп жасына дейінгі мекемелерді пайдалануға беру көрсеткіші 72-ден 83 пайызға өссе, биыл мемлекеттік һәм жекеменшік түрінде Қарағанды қала­сында – 11, Теміртауда төрт балабақша ашыл­­­мақшы. Аудандарда іске қосылатыны да аз емес.
Облыста бірінші болып Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында шахтерлер астанасы маңына орналасқан, Бұқар жырау ауданына қарасты атақты айтыскер ақын Доскей (Әлімбаев) атын­дағы ауылда жаңа балабақша салтанатты түрде ашылды.
– Бүгін балғын бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан «Ақбота» балабақшасы, – деді салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев мырза.
– Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­­дығына арналған та­маша тарту деп білемін. Мұндай киелі мекемелер биыл көптеп салынып жатыр. Бұл – Елбасымыз­дың ар­найы тапсыр­ма­сының бұлжытпай орын­далатын­ды­ғының жарқын мы­салы.
Арман Оразбайұлы облыс әкімі атынан жаңа балабақшаға түрлі-түсті теледидар мен проектор табыс етті. Ардагер-пе­дагог Ғалымтай Бақтияров сәбилерге бата берді.
Бұқар жырау ауда­нының әкімі Ша­гу­рашид Қалиұлы Мамалинов мырза бізбен әңгімесінде соңғы жылдары са­лынған балабақшалардың ішіндегі әдемісі, қазіргі заманға лайықтысы «Ақбота» екендігін жасырмады. 300 млн теңгедей қаржы жұм­салған осы мекеме үйі үш қабатты. Музыкалық және спорт залдары бар. Сегіз топқа 12 тәрбиеші қызмет көр­сетеді.
 Балабақша меңгерушісі С.Жайлаубаева, жетекшілер – музыкадан Е.Зават, дене тәрбиесінен А.Досмақова, қол еңбегінен З.Бәкіжановалар облыс әкімінің орын­ба­сары Арман Қырықбаев пен басқа да қонақтарға «Ақботаны» таныстырып, ерек­шеліктерін көрсетті.
Сөйтіп, Орталық Қазақстандағы биылғы алғашқы балабақша ашылып, жұртшы­лықтың ырзашылық, алғысын иеленді.