Өркениет

Ақын Бақыт Беделхан Елбасының ең басты кемшілігін айтты

  • Ақын Бақыт Беделхан Елбасының ең басты кемшілігін айтты

    Ақын Бақыт Беделхан Елбасының ең басты кемшілігін айтты

Бақыт Беделхан Қазақстан 1990 жылдары етек-жеңін жиғанша, еліміздің байлығын бандиттер сақтап қалғанын мәлімдеді.

Ақын-драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.

- Елбасының батырлығы да, батылдығы да, ақындығы да, азаматтығы да, бәрі бар адам. Кез-келген адам ондай үлкен қасиетке ие бола алмайды. Оның ұлылығын уақыт айтады. Елбасының басты кемшілігі - айналасы. Оның айналасы түгел ор, - деп қысқа қайырды Бақыт Беделхан.  

Еске сала кетейік, Бақыт Беделхан Қазақстан 1990 жылдары етек-жеңін жиғанша, еліміздің байлығын бандиттер сақтап қалғанын мәлімдеді.  

- Қазақстанның байлығын кімдер сақтап қалды? Братва. Бандиттер сақтап қалды. Рыжий Алмаз, Баха Фестиваль. Солардың кемшілігі қасына батыр ақын ерткен жоқ. Журналист ерткен жоқ. Жазушы ерткен жоқ. Батыр осы екен деп қалды. Сөйтті де заң күшіне еніп, мемлекет билігін, жүйесін қалыптастырып, күшіне енген кезде қасқырдай қырып тастады. Шетелде жүріп өлтірді мысалы. Егер де соның жанында ақын болғанда , соның қасында журналист болғанда, соның қасында жазушы болғанда рухани бай азаматтар соны насихаттап рухани бағыт-бағдар бергенде соларды Үкімет өлтіре алатын ба еді? Өлтіре алмайтын еді,- деді Бақыт Беделхан. 

sn.kz




Көрілген: 4371    Пікірлер: 0

жұма, 21.05.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31