Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақын Бөкен Жігер Ринат Заитовты жылатты

27 желтоқсан 2022, 15:51

"Шерменде көңілдің шерін айтқан ақын". Қазіргі шындықты бетке айтқан жырау қалың қазақты жылатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ ақпараттық кеңістігінде киелі қобызға үн қосып, қазақтың қазіргі көрген мұң-мұқтажын, "Қаңтар" оқиғасының шындығын, алғашқы Президент Әлихан Бөкейхан екендігін ашық айтқан жырау Бөкен Жігер қалың көпшілікті селт еткізді. Ақының өткірдің жүзі, кестенің бізі, мірдің оғындай тартысты, арынды тіркестерін тыңдаған жұрт көзіне жас алды. Тіпті, айтыскер ақын Ринат Заитовтың көңілі босады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.

 

Қызылжарлық ақын Бөкен Жігер "Хабар" арнасында өткен "Асыл домбыра" бағдарламасында көпшілікті елең еткізді. Мінберден батыл сөз айтып, шындықты сөйледі. Эфир барысында ескі сарынмен жаңа Қазақстанның жайына қатысты:

 

"Жап-жаңа Қазақстаным,

 

Жақсылығыңа жаршы едім.

 

Жауың келсе жалмаңдап,

 

Жан-тәніммен қарсы едім.

 

Ей,..

 

Өйткені мен кешегі атқан таңды үрейменен қарсы алған,

 

Тәуелсіздік деп жар салған.

 

Тұңғыш Елбасым Әлиханнан

 

Сорғалап түскен тамшы едім...

 

Ей,...

 

Кешегі өткен Қаңтарда,

 

Жазықсыз өлген жандардың,

 

Артында қалған оғланы,

 

Заманда заман болғанда

 

Қанаты қатып толғанда

 

Кегімді кімнен алам десе,

 

Қайтемін!?" - деп жыр өрді ақын.