Өркениет

Ақынның сүйікті бес кітабы - Жанарбек Әшімжанмен "Бірге оқимыз"

  • Ақынның сүйікті бес кітабы - Жанарбек Әшімжанмен

    Ақынның сүйікті бес кітабы - Жанарбек Әшімжанмен "Бірге оқимыз"

 ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта ақын, жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы белгілі ақын Жанарбек Әшімжанның сүйікті бес кітабын ұсынамыз.


Қалихан Ысқақ - "Келмес күндер елесі"



"Келмес күндер елесі" ғұмырнамалық шығарма тұтас бір дәуірді қамтыған кең тынысты роман-эпопея. Жазушы жекені айта отырып, жалпыны айтқан. Қаратай елін, Қатынқарағайдың кешегісі мен бүгінгісін айта отырып, қазақтың тағдырын тереңінен тартып айтқан. Ақынның айтуынша, "Келмес күндер елесі" ел тағдырын, адам тағдырын аялаған, кейінгі ұрпаққа аманаттаған көркем поэмадай қабылданады екен.


Әбіш Кекілбаев - "Аңыздың ақыры"

 



Әбіш Кекілбаев мифологиялық жүйелерді игеру арқылы маңызды мәселелерін қозғаған. Кітап - аңыз-әңгімелерден құралған өткен күннің бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы. "Осының барлығы шығарманың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен", - дейді ақын.


Тұрсынжан Шапай - "Қазақтың жаны"



Ақын Тұрсынжан Шапайдың "Қазақтың жаны" кітабын атап өтті. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады: біріншісі - "Күлкі және көз жасы", екінші бөлімі - "Жазу", үшінші бөлімі-"Бір мысқал" деп аталады.


Тынымбай Нұрмағамбетовтің әңгіме-повестері



Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына әңгімелері мен повестері енген. Автор қай тақырыпқа қалам тартса да кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсетуге тырысқан. Олардың ой-сезімін, таным-түсінігін, іс-әрекеттерін суреттеумен бірге қоғамдағы өзекті мәселелерді де қозғаған. "Дәуірдің дауысы, заманның тынысы болған әңгіме-повестердің оқиғалары тартымды, сюжеті шымыр, тілі көркем", - дейді ақын.


Мұхтар Мағауин - "Тазының өлімі"




"Тазының өлімі" - 1969 жылы жазылған повес. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі оқиға желісі тазының күшік күнінен бастап, өмірдің әр қыры тазының көзімен көріп, түйсінгені бойынша өрбіп, ең ақырғы өлімі арқылы тақырып ашылады. Тазының өлімі - жай ғана иттің өлімі емес. Шығармадағы тазы бейнесі ұлттық дәстүрден алынған символдық образ. Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.


Tengrinews.kz


 


 




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.08.2019, 22:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30