Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алаш жұрты Әзағаны еске алмақ

24 қараша 2012, 13:11

Көрнекті режиссер, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты бүгін Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында еске алу кеші өтеді.
Ұлттық сахна өнері кеңістігіне өткен ғасырдың 60-жылдары қарсаңында шығып, қырық жылдан аса уақыт сахнаға қалтқысыз қызмет етудің аса биік үлгісін көрсеткен көрнекті суреткер Ә.Мәмбетов ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі театр өнерінің мәртебесін биіктеткен, бағыт-бағдарын айқындап, сахнаға көркемдік-эстетикалық сапалық өзгеріс әкелген арынды топтың көрнекті өкілі. Оның шығар­машылық, жолының біртұтас жұл­дыз­ды кезеңі, сөз жоқ, М.Әуезов атын­дағы Қазақтың академиялық драма театрымен тығыз байланысты болды. Қара шаңырақ театрда еңбек еткен, көркемдік жетекшілік жасаған отыз бес жылдай уақыт ішінде Мәмбетов 200-ден аса спектакль қойды. Бұл кезең «Мәмбетов кезеңі» деген анық­та­мамен ұлттық театр тарихына алтын әріп­пен жазылды.
Жеке-дара емес, өз буынымен бірге өсіп, толысқан, рухани кемелденген ре­жис­сер дәстүрді жаңашылдықпен, мәнді үйлес­тіре алды, театрдың өнерлік қағи­дасын жоғары ұстады. Көрнекті режиссерді еске алу шарасы барысында бүгін сағат 15.00-де «Көрнекті режиссер, қайраткер, ұстаз Ә.Мәмбетовтің көркемдік әлемі»атты ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтеді, одан бөлек 17:00-де М.Әуезов атындағы ака­де­миялық театрда Ә.Мәмбетовтің 80 жыл­ды­ғына арналған баспасөз конфе­рен­ция­сы, Ә.Мәмбетовтің өмірі мен шы­ғар­­ма­шылығына арналған көрме мен ес­ке алу кеші өтеді. 25 қарашада сағат 11.00. Ә.Мәм­­­бетов зиратына гүл қою рәсімі бола­ды.