Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алаштың «АЛТЫН ДАУЫСЫНА» үмiткерлер анықталды

06 маусым 2011, 16:38

Қазақ радиосы өткiзiп отырған «Алтын дауыс» радиофестивалiнiң қорытындылар күнi таяп қалды. Танымал әншiлердiң iшiнен таңдалынып алынған 28 әншiден дауыс беру нәтижесiнде бүгiнде үздiк ондық iрiктелiп шықты:
22 нөмiрдегi Таңат МАМЫРХАНҰЛЫ 437 дауыспен – бiрiншi орында.
15 нөмiрдегi Сәкен МАЙҒАЗИЕВ 299 дауыспен екiншi орынға тұрақтады.
Реттiк саны 9-шы үмiткер Еркiн НҰРЖАНОВ 256 дауыспен үшiншi орынға шықты.
6 нөмiрдегi Асқар ЖҮНIСБЕКОВ 153 дауыспен төртiншi орында.
16 нөмiрдегi Есенгелдi ЫРЗА 118 дауыспен бесiншi орынға жайғасты.
Реттiк саны 4-шi әншi Нұржан ҚАЛЖАНОВ 91 дауыс жинап, алтыншы орынға көтерiлдi.
Жетiншi орынды 88 дауыспен екi бiрдей әншi иеленiп отыр. Олар – 18 нөмiрдегi Қайрат ТҮНТЕКОВ пен Бейбiт ҚОРҒАН.
7 нөмiрдегi Өмiрқұл АЙНИЯЗОВ – 79 дауыспен сегiзiншi сатыда.
Ал 3 нөмiрдегi Жұбаныш ЖЕКСЕНҰЛЫ 60 дауыспен тоғызыншы орынға тұрақтады.
27 нөмiрдегi Роза ӘЛҚОЖА 49 дауыспен үздiк ондықты қорытындылап тұр.


Құрметтi оқырман! Бұл – тек бүгiнге дейiн берiлген дауыстардың нәтижесi. Ал дауыс беру 18 наурызға дейiн жалғасады. Сүйiктi әншiңiздi үздiктер қатарынан көргiңiз келсе, ұялы телефоныңыздан 6006 SMS орталығына «А» әрпiмен қоса өзiңiзге ұнаған әншiңiздiң реттiк нөмiрiн жолдап, дауыс берiңiз.

P.S.
«Алтын дауыс» Қазақ радиосының (101 FM) әуе толқынынан әр сенбi сайын (сағат 22:20-да, қайталауы жексенбi 07:20; Шалқар Ұлттық арнасынан (106.5 FM)
әр сәрсенбi күндерi 21:05-те) өтедi.