Өркениет

"Алашұлы" әншісі кезінде ұрлықшы болғанын мойындады

  • "Алашұлы" әншісі кезінде ұрлықшы болғанын мойындады

"Алашұлы" тобындағы Әзімбек Байлин кезінде ұрлықпен айналысқанын жайып салды. Әнші тіпті, "ұрлықшы Әзімбек" деген аты болғанын да мойындады деп жазады Youtube желісіндегі "Жылқышыбаймен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 


Рухты әндерімен елге танылған "Алашұлы" тобының мүшесі бұл заңбұзушылықпен интернатта оқыған кезінде айналысқан. Ол ұрлыққа күнделікті тамақтан жалыққандықтан барғанын түсіндірді.


"Интернатта өстік. Ұрлаған кезім де болды. Оны жасырмаймын. "Ұрлықшы Әзімбек" деген атым болған кез де болды. Сенбі мен жексенбі күндері ғой. Интернатта жатасың, ішің пысады. Күнделікті тамақтан жалығасың. Кішкене фанта ішкің де келеді, пряник жегің келеді, кәмпит жегің келеді" , - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен қатар Әзімбек Байлин әулетін жалғыз өзі ғана алға сүйрейтінін айтты. Өнерінің арқасында жақсы табысқа кенелетін әнші туған туыстарына барынша көмектесіп жатқанын жеткізді.


Айта кетейік, бұған дейін "Алашұлы" тобындағы Әзімбектің асаба ретіндегі гонорары қанша екенін хабарлаған болатынбыз.


Сонымен қатар, ол өнердегі тоқалы жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді. Ел арасында Байлиннің өнердегі сүйіктісінің одан аяғы ауыр екені жайлы әңгіме тараған.




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 19:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31