Өркениет

Әлем елдері Наурызды қалай тойлайды?

  • Әлем елдері Наурызды қалай тойлайды?

    Әлем елдері Наурызды қалай тойлайды?

Ұлыстың ұлы күні десе көз алдымызға алаңға жиналған халық пен қазан-ошаққа пісіп жатқан Наурыз көже, ән мен би, ұлттық ойындар елестейді. 

Алайда пандемияның салдарынан мейрамды биыл да халық болып тойлай алмаймыз. Дегенмен мейрамды атап өтуде әр елдің өзіне тән дәстүрлерін біліп жүргеніңіз абзал. Мәселен, бірнеше ұлттың мерекелік басты тағамы – сумаляк екен. Ол жаңа өніп шыққан бидайдан жасалатын сұйық тағам.

Өзбекстан

Бұл елде мейрам жылда 21 наурыз тойланады. Әр қала тұрғындары ұлттық киімдерін киіп көшеге шығады, мерекелік атмосфера жасайды. Ән айтады билейді бір-біріне ақжарма тілектерін арнайды. Наурыздың басты тағамдары: сумаляк, туграма-палау, халим. Мұқтаж жандарға қайыр тарату да мейрамның басты міндеті. Қайыр берген адам жыл бойы тоқ жүреді деген ырымдары бар. Өзбектердің тағы бір дәстүрі – мейрам иесін таңдайды: Бахор-ханум, фермашы – Декхан-бобо немесе Жерді бейнелейтін адам – Момоер.

Қырғызстан

Қырғызтан халқы бұл күні Бішкек алаңына жиналады. Ұлттық билер, әндер орындалып, спорт түрлерінен өткізіледі. Әр шаңырақ дастархан жайып, ұлттық тағамдары – сумаляк пен көже әзірлейді. Сумаляк мақта майынан дайындалуы тиіс, бұл қырғыздар үшін аса маңызды. Әрі ұлттық тағамды бір адам емес, көпшіліктің бірге жасауы да дәстүрдің маңызды бөлшегі.

Тәжікстан

Тәжікстанда бұл мейрам Навруз деп аталады. Басты тағамдары – кәуап және дәнді-дақылдармен жасалған тәтті палау. Әдетте оны ер адамдар дайындайды. Навруздың символы – от. Тәжікстанда оттың емдік әрі тазартқыш қасиеті бар деп саналады. Сол себепті ойындар мен түұрлі шаралар от пайдаланумен өтеді. Дастарханның көркі – самбуса (самса), сабси (көкөністер) және бидай.

Иран

Новруз Иранның ең маңызды мерекелерінің бірі. “Хафт-син” деп аталатын мерекелік дастархан “с” әрпінен басталатын 7 түрлі тағаммен толығуы тиіс. Олардың қатарында тиын (секке), сірке суы (серке), сарымсақ (сир) міндетті түрде болады. Үстелге айна қойылып, шамдар жағылады. Дәнді дақылдарды сәндеп, денсаулық кепілі ретінде дастарханға қояды.

Түркия

Түркия үшін де Невруз маңызды мейрам, символы – түрлі түске боялған жұмыртқалар мен бидай ұрығы, шамдар жағылып, сумаляк әзірленеді. Көршілер үй-үйді аралап, тілек-ниеттерімен бөліседі.

Қытай

Қытайда Наурыз мерекесін Синбцзян-Ұйғыр автономиялық округінің тұрғындары тойлайды. Жұртшылық ашық түсті киімдер киіп, ғибадатханаға барады. Мейрамның басты түстері: қара, ақ, қызыл, сары, жасыл. Әрқайсысы мәнге ие: от, су, ағаш, темір және жер.  Мерекенің басты тағамы тағамы –  7 түрлі дәннен жасалатын ботқа.
 bugin.kz




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.03.2021, 01:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31