Әлемдегі ең қауіпті селфилер

27 желтоқсан 2014, 12:27

Соңғы жылдары смартфон немесе фотоаппарат арқылы адамның өз-өзін түсірген суреттері көбейіп кетті. Әдетте, селфилер әлеуметтік желілерде жарияланады. 2013 жылы «selfie» сөзінің кең таралғаны соншалық, ағылшын тілінің Оксфорд онлайн-сөздігіне енгізілген. Сонымен қатар, сол жылы «жыл сөзі» атағына ие болды. Бүгін біз сіздерге ең қауіпті селфилер топтамасын ұсынамыз.

19 жасар Александр Ремнев «Princess Tower» деп аталатын Дубайдағы ең биік тұрғын үй ғимаратының шатырында селфиге түскен. Ол 101 қабатты, биікігі 414 м.

Камерон Эрнст австралиялық "Әлемдегі ең үздік жұмыс" сайысының жеңімпазы. Ол Канберрада орналасқан ұлттық хайуанаттар бағында гепардпен суретке түскен.

Ли Томпсон суретші және британдық «The Flash Pack» туристік блогының құрушысы. Ол Рио-де-Жанейродағы әйгілі Иисус Христос ескерткішіне шығуға рұқсат алған.

Бұл жігіт парашютпен секірер алдында тікұшақтан салбырап тұрып түскен.

Ресейлік суретші Кирилл Орешкин әлемнің ең биік ғимараттарының шатырында болып, көптеген сурет түсірген. Бұл Мәскеуде түсірген суреті.

Канадалық Джордж Курунис Амбрим аралындағы белсенді лавалы көл жанында суретке түскен.