Өркениет

Әлемдік хит жазған Қазақстан тұрғынын жоғары оқу орнына ментор болуға шақырды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Торайғыров университетінде ашылатын ІТ-факультетіне Imanbek-ті цифрлық музыканың менторы болуға шақырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 

Аталмыш жоғары оқу орнында ІТ-ден қосымша курстар әртүрлі мамандықта оқып жатқан студенттерге арналады. Цифрлық дыбыс операторы, SMM, web-әзірлеуші, видеопродакшн, кескіндеме және дизайн сияқты қосымша мамандық алып шығудың жолы ашылды.

 

Imanbek Торайғыров университетіне цифрлық музыка менторы болуға шақырылған.

 

«Мысалы, Иманбек Зейкенов сияқты тасымалдау, қозғалыс және көлік құралдарын ұйымдастыру мамандығын оқисыз. Сонымен қатар цифрлық дыбыс операторы мамандығын қосымша меңгеруіңізге болады емесе өзіңіздің әуестігіңіз бойынша курс бітіріп алуға болады», - дейді жоғары оқу орнындағылар.

 

Торайғыров университетінің ректоры Мейрам Бегентаев Facebook-тегі парақшасында бакалавриатқа арналған қосымша білім бағдарламасының модулін жасауға көмектескен және жаңа майнордың менторы болуға келісім берген Imanbek-ке алғыс айтты.

 

Еске сала кетсек, «Грэмми» 63-музыкалық сыйлығының номинанты Imanbek YouTube желісіне SAINt JHN орындайтын Roses әнінің ремиксін салғаннан кейін әлемдік деңгейде танымал болды.

 

Видео 117 миллионнан астам қаралым жинап, U.S. Billboard Hot 100 рейтінгінде үздік үштікке кірді.

 

Рэпер Карлос Сент-Джон оған осы ремикс үшін алғыс айтты. Видео @videogram_kaz-да жарияланды.

 

 

 

 




Көрілген: 2849    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 14:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30