Өркениет

Алғашында вирустың барына сенбеген едім - Балғынбек Имаш

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш басында қауіпті індетттің барына мүлдем сенбегенін жайып салды. Белгілі айтыскер оны саясатпен байланыстырғанын да жасырмады. Алайда, бүгінде коронавирус салдарынан жақындары мен таныстарынан айырылған ол өзінің қатты қателескенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Балғынбек Имаш күнде суық хабар естіп, жаназалардан көз ашпай кеткенін айтты.

 

Айтыскер Instagram парақшасында бұл пандемияға арналған өлең жолдарын жариялап, вирусқа тым кеш сене бастағанына өкінді.

 

Сонымен қатар, ол мемлекеттің қатаң карантин енгізуін енді толықтай қолдайтынын жеткізді.

 

"Келесі апта карантинге жабады дей ме?

 

Абайша:

 

Басында вирус бар деп ескермедім,

Зиянын естісем де тексермедім.

Ер "кеткен соң" қабірдің қуысына,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 

Өзім де маска кимей төске өрледім,

"Барлығы саясат" деп дес бермедім.

Күнделікті естимін суық хабар,

Режим сақтап отырсам өстер ме едім?

 

Жаназадан көз ашпай, Мемлекетті, Карантинге жапқанын теріс көрмеді" , - деп жазды ол.

 

Еске сала кетейік, Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың ушыға бастауына орай мемлекеттік комиссия ел аумағына бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізу шешімін қабылдады.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CCIqu40AQjY/


 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.07.2020, 00:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31