Өркениет

"Алғысымыз шексіз": Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын құттықтады

  • "Алғысымыз шексіз": Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын құттықтады

2021 жылы "МузАРТ" тобы жиырма жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр

Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы топ мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты шарада мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыс етті. 

"Сіздерді 20 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын! Табиғи талант пен талғамның, табанды ізденіс пен еңбектің арқасында көпшілік сүйіп тыңдайтын, кеңінен танымал ансамбльге, күллі жұрттың көзайымына айналу - зор жетістік. Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрістей берсін. Мықты денсаулық, шығармашылық жаңа табыстар тілеймін!", - деп жазылған Елбасының құттықтау хатында.

Топ әншісі Сәкен Майғазиев қазақ халқына шексіз алғысын жеткізді. 

"Құттықтауларыңызға мың алғыс, ардақтыларым! Сіздерге де, ұрпақтарыңызға да жақсы жетістіктерге жету, мемлекет басшысы қолынан марапат алу нәсіп болсын", - деп жазды әнші. 

МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрылған. Қазір топ құрамындағы әншілер - Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Жанәбілов.

sputnik.kz




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31