Өркениет

Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр - Рымбаева келіні туралы не ойлайтынын айтты

  • Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр - Рымбаева келіні туралы не ойлайтынын айтты

    Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр - Рымбаева келіні туралы не ойлайтынын айтты

19 тамызда Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өтті. Роза Рымбаева екі жастың тойы карантин аяқталғасын өтетінін жеткізді

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатыр. Әншінің таңдауы "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға түсті.

19 тамызда Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өтті. Sputnik Қазақстан тілшісі әнші Роза Рымбаеваға хабарласып, екі жастың тойын қашан өткізуді жоспарлап отырғанын сұрады.

"Тойды 100% карантин аяқталғаннан кейін өткіземіз. Барлық халық карантиннен шығып, жағдай тынышталғаннан кейін, барлық мекеме жұмыс істеп, бүкіл ауру кеткеннен кейін өтеді", - деді Рымбаева.

Халық әртісі індеттің таралуы аяқталуына қанша уақыт кететініне қарамайтынын жеткізді.

"Халықтың біреуі жұқтырып алса, ауру қайтадан өршиді. Сондықтан бұл өте қауіпті", - дейді ол.

Роза Рымбаева Атыраудан келін түсіріп, шеркеш руымен құда болып отыр. Сонымен қатар халық әртісі болашақ келінінің мамандығына мән бермегенін айтты.

"Келінімнің мамандығы мен үшін маңызды болған жоқ. Өнер саласы болсын, басқа сала болса да, ең маңыздысы ол емес. Жастар өздері таңдайды. Өздері кездесті, өздері отау құрамыз деп шешті, екеуі бірге жүр. Ешқашан мамандығын ойлаған емеспін", - дейді Рымбаева.

Айтуынша, Әлидің таңдауы Ақерке Бүркітбайға түскенін халық әртісі 2019 жылдың аяғында білген.

"Бұған дейін қарым-қатынасын жасырын ұстағандарын дұрыс деп санаймын, себебі алдын ала жариялауды дұрыс деп есептемеймін. Бірақ оны әркім өзі шешеді. Әлидің таңдауы кімге түскенін кейінгі кезде, 2019 жылдың аяғында білдім", - дейді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Әли Оқапов – композитор Тасқын Оқапов пен әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы. Ол 1991 жылы Алматыда дүниеге келген. Ал әншіден бір жас кіші Ақерке Бүркітбай – қыздардан құралған "Асыл" тобының солисі, топта қобыз тартады.




Көрілген: 1493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31