Өркениет

Әлия Ануарбек күйеуімен алғаш қалай танысқаны туралы айтып берді

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Отандық танымал актриса Әлия Ануарбек жолдасы өмірден өткен соң, желіде оған қатысты жазбаларды көптеп жариялайтын болған. Бұған дейін жеке өміріне қатысты ештеңе айтпайтын өнер иесі күйеуінің қазасынан кейін барынша ашылып, оқырмандарына өзі жайлы тың мәліметтермен бөлісе бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Әлия Ануарбек бұл жолы алғаш рет қалың көпшілікке жолдасымен қалай танысқаны туралы айтып берді. Актриса бұл жайында бұрын-соңды еш жерде бөліспеген.

 

Белгілі болғандай, қос ғашық әлеуметтік желіде танысқан. Біраз уақыт бойы сөйлесіп жүрген жастар ақыр-соңы кездесуге бекінген. Өнер иесі екеуі көріскен күн туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарған.

 

"Мен жолдасыммен қалай және қайда танысқанымды бірде-бір сұхбатымда айтқан емеспін. Бүгін алғаш рет осы жайында айтып бермекшімін. Халық дұрыс түсінбейді деп ойлап, өзім де ұялып айтқым келмейтін. Екеуміздің таныстық туралы бірінші рет айтпақшымын.

 

Біз Вконтакте желісінде таныстық. Мен өзіме жазған әрбір адамға жауап беруге тырысатынмын. Адамдар мені жұлдыз ауруына шалдыққан деп ойлап қалмасын деп ешкімді жауапсыз қалдырмайтынмын.

 

Ал қазір менің шаруаларым бастан асады. Балаларым, үй шаруасы, жұмысым бар дегендей. Оқырмандарым мені түсінеді деген ойдамын.

 

Сонымен, бір күні мен өзіме келіп түскен хабарламаларға жауап беріп жатып, өзімнің тағдырыма тап болдым. Азамат екеуміз бір айдай сөйлестік. Маған онымен сөйлескен қатты ұнайтын. Оны білетін адамдар оның қаншалықты білімді, тәрбиелі, ақкөңіл, данагөй екенін жақсы біледі. Оның бойындағы жақсы қасиеттерді санап шығу мүмкін емес. Сол себепті, ол бірден маған ұнап қалды.

 

Нәтижесінде ол мені кездесуге шақырады. Алайда, онымен көріспес бұрын мен алдымен әпкеме барлық хабарламаларын көрсетіп, одан рұқсатын сұраймын. Таңғалғаным, әпкем еш қарсылықсыз мені жіберуге келіседі. Мен әпкем жібермей қояды деп ойлағанмын. Алайда, бұл жерде Азаматтың мені түскі уақытта кездесуге шақырғаны үлкен рөл ойнаған секілді.

 

Кездесетін күніміз де келіп жетті. Мен үйден әрең шығып, қатты уайымдаулы күйде шығамын. Ол менің үйімнің қасына келіп, көлік ішінен күлімсіреп шығады. Сол сәтті мәңгіге жаттап алдым. Біз жапониялық мейрамханаға бардық. Мен оған және телефоныма қарай бердім. Ол кезде анам маған жағдайды сұрап хабарлама жазып жатқан" , - деді Әлия Ануарбек.

 

 

 

 




Көрілген: 2861    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30