Өркениет

"Алла алдында арым таза" - Фариза Төреәлі

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі болашақ жолдасымен шетелге барып келгені үшін өзін сынға алған көпшілікке жауап берді. Жақында отбасын құрғалы жатқан бойжеткен керағар пікір жазып, отбасына тіл тигізген адамдардың алдында ағынан жарылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлы дала баласының" қарындасы өзіне үйлену ұсыныс істеген ғашығы Дархан Нортаевпен шетелге барып келгені үшін елдің аяусыз сынана ұшыраған болатын. Керағар пікірлер Фариза Төреәлінің көңіліне қаяу түсірсе керек.

Қалыңдық өзін сөккен желі қолданушыларына жауап беріп, Instagram парақшасында азулы жазба қалдырған. Бойжеткен жазылып жатқан кері ойлардың барлығы орынсыз екенін айтты.

"Жазғым келмеп еді, бірақ. Менің парақшамды әкем де, анам да, ағам да бәрі қарап отырады. Әрине, олар бәрінен хабардар. Ата-анамның рұқсатынсыз ештеме болмайды.. Кішкентайымнан сондаймын. Көбісі шетелге барып келгенімізге "ата-анаң қайда қарап отыр.. тб" сынды сөздер айтып, ерінбейтіндер тіпті дайректке жазып жатты. (Үлкееен хаттарын оқып шошисың, сонша уақытын маған арнап мені түзегілері келеді. Өзгенің өміріне белсене араласқан ол адамдарға түзелу керек керісінше.)
Өзін тәрбиелеуге шамасы да, нәпсісі де жетпей жатып, өзгені өзгерткілері келеді, қызық. ⠀ Мен өмірімдегі әр сәтті, әр оқиғаны әлеуметтік желіге салмаймын, салуға болады деген дүниені саламын. Бөліскім келмейтін жаңалықпен бөліспеймін. Менің ата-анам, ағам көпті көрген кісілер, маған жауапты, менің әр ісімді біледі, қадағалап отырады. Сол үшін де оларға артық сөз келгенін көтере алмаймын. Алланың алдында арым таза болса болды, басқалардың ойы қызықтырмайды.

Себебі мені тәрбиелеген, жетілдірген менің ата-анам, мені толық танымайтын және мен танымайтындардың ақылы маған керегі жоқ. Ақылдылар өз өмірін жақсарту үшін өз ақылдарын қолдансын. Ал мен үшін, менің іс әрекетім үшін күйіп-пісудің қажеті жоқ. Әркім өзі үшін ғана жауапты, ертең есеп беретін де жалғыз өзі. Діндегі дұрыс-бұрыс нәрселерді білемін, сауатымды бұрыннан ашып бастағам, әлі де дамытамын.
Түрлі жалған парақшадан отырып алып жазатындарды түсінгім келмейді, түсінбей-ақ та қойсам екен. Олар жалғыз қалғанда өзгеден емес өзінен ұялмайды ма екен?.. Біреудің мінін түзегенше, өз бойыңызды арамдықтан тазалаңыз. Ниеті қисық жандарды бірден блоктаймын, себебі маған тек жақсылық ойлайтын, ниеті таза оқырмандарым керек, бәрін бағалаймын! Жақсы тілек білдіретін жандарға алғысым шексіз, жақсы көрем" , - деп жазған Фариза.

 




Көрілген: 3266    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 22:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31