Өркениет

Алла Пугачева мен Галкин неге ажырасып жатыр

  • РИА Новости©

    РИА Новости©

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары танымал әнші Алла Пугачева мен Максим Галкиннің ажырасып жатқанын жарыса жазуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Жұлдыздар арасында Алла Пугачева мен Максим Галкиннің некесі бұзылғаны туралы сыбыс тарап кеткен.

 

"Телепрограмма" дерекөзінің ақпаратына сәйкес, ондай сыбыстың шыққанына бірнеше ай болған. Отбасының шайқалуына не себеп болғаны белгісіз.

 

Десе де таблоидтар Пугачева мен Галкиннің жақын достары бұл сыбысқа қатысты үнсіз отырғанына баса назар аударған.

 

Мәселен, Пугачеваның бұрынғы күйеуі Филипп Киркоров бұл сұраққа келесі жауап қайтарыпты:

"Маған бұл туралы сөз қозғау ыңғайсыз. Сенбесеңіз де, бұл жайтқа қатысты пікір білдіруге менің еш құқым жоқ", - деген ол сұхбаттарының бірінде.

 

Николай Басков та бұл сыбысты жоққа шығаруға асықпады.

"Екі тараппен де жақсы қарым-қатынастамын. Сол себепті, бұл жайтқа қатысты өз пікірімді өзімде қалдырғым келеді", - деді ол.

 

Сол арада жұлдызды жұптың әлеуметтік желісіндегі жазбалар Алла мен Максимнің арасында қандай да бір жанжал болғанын аңғартпады. Жақында олар балаларын бірге алғашқы қоңырауға алып барған. Олар бұл сәтті желі парақшасында жария етті.

 




Көрілген: 1046    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 03:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30