Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Алла сақтаған": Әнші Толқын Забирова жол апатына түсті (фото)

15 маусым 2022, 01:19

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Толқын Забирова жол апатына түсіп, ауруханада жатыр. Өнер иесі желіде суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZтілшісі.

Толқын Забированың жол апатына түскені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші жол-көлік оқиғасы қалай орын алғанын айтып, өзінің қазіргі жағдайын бөлісті. Өнер иесі орын алған жол апаты салдарынан жоспарлап қойған бірқатар шараға қатыса алмайтын болған. Ол әзірге ауруханада жатыр. "Алла сақтаған. Алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға не болмаса ұялы телефонына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға таң қалам. Бұл не? Жауапкершілік қайда⁉️ Өзіңді ойламасаң, айналадағы адамдарды ойлау керек емес па? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің машинаны соққан жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбеппін. Ол телефонына қарап отырып, тормозды басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жағдайын санамағанда). Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек па, жоқ па? Сабақ болсын деп жазалауым керек па? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша", - деп жазды әнші.