Өркениет

Алмас Кішкенбаев сүйіктісінің бар екенін растады

  • Алмас Кішкенбаев сүйіктісінің бар екенін растады

    Алмас Кішкенбаев сүйіктісінің бар екенін растады

Әнші Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Ол сүйіктісінің бар екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкенбаев Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырмандарына жауап берді.

"Сүйіктіңіз бар ма?" деген сауалға алғашқыда "иә" деп нақты жауап берген Алмас артынан: "Вроде бар, вроде жоқ, әзірге түсініксіз", – деп бұлтарды.

 
Біресе бар, біресе білмеймін деп фанаттарының ойын сан-саққа жүгірткен Алмас көптен бері ешкімге ғашық болмағанын, тіпті бұл сезімнің не екенін ұмытуға шақ қалғанын айтты. 

Бұдан өзге, өнер иесі, жақында өзі жайлы кітап жазып шығаратынын жеткізді.


Әбдіжаппар Әлқожа әпкесінен не үшін шапалақ жегенін айтты 
Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

Кішкенбаев "Қазақстан дауысы" жобасында бірнеше жыл қатарынан қазылық еткен болатын. Алайда биыл әнші тәлімгерлер қатарында жоқ.

"Әр кезеңнің өз әділ-қазылары болады. Қазіргі жюри күшті. Ұнайды маған. Әсіресе, Батыр", – деп өз ойын білдірді Кішкенбаев.

Айта кетейік, Алмастың алғашқы некесі сәтсіз аяқталған. Әншінің бірінші отбасынан екі қызы өсіп келеді. Бір кездері әнші Әйгерім есімді блогер қызды ұнатып қалғанын айтты. Өз кезегінде Әйгерім Алмастың сезіміне теріс жауап берді.




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31