Өркениет

Алматы денсаулық сақтау басқармасы коронавирус тақырыбын "қазбалай" берген журналистің соңына түсті

  • Алматы денсаулық сақтау басқармасы коронавирус тақырыбын

    Алматы денсаулық сақтау басқармасы коронавирус тақырыбын "қазбалай" берген журналистің соңына түсті

Отандық журналист Ирина Советжанқызының үстінен Алматы қалалық орталық ауруханасына қатысты жалған ақпарат таратты деген айыппен  іс қозғалды. Бұл туралы журналист өз парақшасында жазған еді. Stan.kz тілшісі 31 арнаның тілшісімен байланысып, іс қалай өрбіп жатқанын сұрады.

Ирина Советжан

Ирина Советжанқызы бұл іске қатысты тек адвокаттың жауап беретінін айтты. Бірақ өзіне жабылған жалаға жауап ретінде қосары бар. 

 

"Бұл істің барлық жай-жапсары туралы қорғаушым жауап береді. Бірақ менің бір нәрсе қосқым келеді. Менің үстімнен аурухана басшысы 13 сәуір күні арыз түсірген. Ал 15 сәуір күні іс қаралуға жатпайды деп тоқтап қалған. Одан кейін 30 сәуір күні 12 аурухана мен Алматы ауруханаларындағы дәрігерлер және қаладағы коронавирустан қайтыс болғандар туралы репортажым шықты. Онда вирустан көз жұмғандар саны мен жерленгендердің саны неге екітүрлі деген Бекшинге сауал қойғанмын. Сол күннің ертесінде бұл іс қайта көтерілген. Бұдан алдын қылмыстық қарауға жатпайды деген іс 1 мамырда неге қайта көтеріледі деген мәселені анықтап жатырмыз.  Енді 15 сәуір күні істің тоқтағанын, әлде тоқтамағанын тексерудеміз. Егер тоқтаса, онда олар әдейі менің материалым үшін қайтіп көтерген болуы мүмкін. Сол себепті қорғаушым толық ақпаратты берме деп өтінді", - деген журналист істің ақ-қарасы нақтыланбайынша, пікір айтқысы келмейтінін жасырмады. 

Ирина Советжанқызының үстінен түсірілген шағым бойынша адвокат Айман Омарова жұмыс жасап жатыр. Омарова бұл іске қатысты желіде видео жариялаған еді. Оның айтуынша, Ирина Советжанқызы ешқандай жалған ақпарат таратқан жоқ. 

"Ирина Советжанқызы жалған ақпарат тарата алмайды. Бұл түсінікті жағдай. Егер оның қолында оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат болмаса, өзі ойдан құрап ештеңе жазбас еді. Ойдан шығарылған дақпыртқа еріп кетпейді. Бұл мәселе қылмыстық іс деп танылған жоқ, сонымен бәрі жабылған сияқты еді. Бірақ Ирина елде болып жатқан жағдайға, коронавирусқа байланысты ауруханалардағы ахуал жайлы репортаж жасауды тоқтатпады. Сол үшін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы Иринаға қысым көрсетіп отыр деп санаймыз. Осы уақытқа дейін кешірім сұраудың орнына жалған ақпарат таратты деп шағым түсіргенді жалғастырып жатыр", - деді Омарова. 

Адвокаттың шағым түсіруші тарапқа қояр сауалы бар:

"Денсаулық сақтау басқармасына менің тек бір ғана сұрағым бар. Сіздер неге сонша уайымдайсыздар? Егер сіздерде бәрі жақсы болса, неге дүрлігесіздер? Оның бір ғана жазбасына неге шүйліктіңіздер? Әлде біз білмейтін бірдеңе бар ма?" - дейді Айман Омарова.

 
 

 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30