Өркениет

«Алматы» телеарнасының қызметкері тікелей эфирде сүйіктісіне сөз салды

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

«Алматы» телеарнасының таңғы ақпараттық-сазды «Таңғы студио» бағдарламасының тікелей эфирінде «телеарна дауысы» атанып кеткен Қыдыр-жан Мұхатаев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Almaty.tv  Оның таңдаған аруы да «Алматы» телеарнасында  жұмыс істейді. Интернет бөлімінің шеф-редакторы &ndash Адель Букибаева.

 

Тосынсыйды Қыдыр-жан бірнеше ай бойы жоспарлап, дәл 31 желтоқсан күнгі жаңа-жылдық эфирде ұйымдастырған. Бағдарлама ұжымымен ақылдасып, екеуін телеарна қызметкері ретінде қонаққа шақырып, сұқбат алады. Алайда сұқбат соңында Қыдыр-жан сүйіктісіне гүл беріп, мәңгі бірге болуға ұсыныс жасайды. Адель саусағына сақина тағып, екі жүрек тікелей эфирде қосылады.

 

Қыдыр-жан Мұхатаев Адельге үйленіп, отбасын құрғысы келетінін жазда түсінгенін айтады.

 

Ол: «Біз ұзақ уақыт кездесіп жүрдік, оның үстіне бір телеарнада қызмет етеміз. Күнде көріскендіктен, бір-біріміз туралы жақсы білеміз, екеуміздің мінезіміз де, арман-мақсаттарымызда да бір арнаға тоғысатын. Жаздың соңында мен оны өзіме жар еткім келетінін түсіндім. Кейде өзара тойымыз туралы әзілдесіп, қалай болатынын өзімізше жоспарлайтынбыз. Бірақ қалай, қашан ұсыныс жасайтынымды білмедім. Соңында ұсынысты тікелей эфирде, Жаңа жыл қарсыңында жасағаныма қуаныштымын», &ndash деді.

 

Қ.Мұхатаев сақина іздеуде де сарсаңға түскенін айтты.

 

«Қараша айының басында сақина сатып алдым. Алайда ол ұнамай, айдың соңында үстіне ақша қосып, сол сатушыға қайта барып бәрін түсіндірдім. Бірінші сақинаны өткізіп, өзімнің ойымнан шығатын гауһар тасы үлкенірек екінші сақинаны сатып алдым», &ndash дейді Қ. Мұхатаев.

 

Сонымен қатар, ол «Алматы» телеарнасындағы барлық әріптестеріне алғысын айтты.

 

«Менің бұл ойымды қолдаған телеарна басшылығына, бағдарлама ұжымына, сонымен қатар ұсыныс жасайтынымды білсе де Адельге білдірмей жүрген әріптестеріме алғысым шексіз. Себебі жұмыста көп әріптестерім бұл идеямды білсе де, сүйіктіме сыр білдірмей, байқатпай жүрді. Олардың актерлік қабілеттері, шынында, мақтауға тұрарлық екен», &ndash дейді Қадыр-жан.

 

 




Көрілген: 2677    Пікірлер: 0

жұма, 01.01.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31