Өркениет

Алматыда әйелін соққыға жыққан әртіс қамауға алынды

  • © AP Photo / Michael Probst

    © AP Photo / Michael Probst

Әйелін соққыға жыққан алматылық әртіс Бауыржан Әшіғалиев уақытша ұстау абақтысына қамалды.


"Жуырда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы қолданылады", - деп хабарлады Алматының полиция департаменті баспасөз қызметі.


Полиция Қылмыстық кодекстің 126-бабы екінші бөлімі (Заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.


Еске сала кетсек, әнші Ксения Әшіғалиева күйеуі Бауыржан Әшіғалиевті ұрлап, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Бұл туралы "НеМолчиКZ" қоры әлеуметтік желіде жариялады.


Тағы оқыңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды


Ксенияның айтуынша, оған бейтаныс әйел хабарласып, баласына вокалдан сабақ беруін өтініпті. Әнші әйел айтқан мекенжайға келсе, подъезде күйеуі мен оның досы Ксенияға тап беріп, басына пакет кигізіп, ұрып-соғып, жертөлеге сүйрей жөнелген.


Бауыржан Әшіғалиев Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескенде әйелін соққыға жықпағанын айтты. Оның айтуынша, Ксения өзін-өзі жарақаттаған. Әртіс әйелінің психикалық ауруға шалдыққанын атап өтті.


sputnik


 




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31