Өркениет

Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

  • Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

    Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

Әртістер қойылымға дайындықты карантин алдында бастаған. Балет-операсына жетекшілік еткен 82 жастағы балет өнерінің шебері Болат Аюханов қойылымды қайталап қою көрерменге байланысты екенін айтты
Алматыда 75 жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында "Аида &ndash сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Джузеппе Вердидің музыкасына орындалған бір актілі балетті Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театрының әртістері қойды. Қойылымға жетекшілік етіп, хореографиясын қойған адам &ndash балет өнерінің шебері 82 жастағы Болат Аюханов.

Балет сюжеті
Қойылымда Мысыр әскерінің басты жауынгері Рамадес эфиопиялық ханшайым Аидаға ғашық болады. Алайда сол кезде мысырлықтар мен эфиопиялықтар арасында күрес жүріп жатады. Мысыр перғауынының қызы Амнерис ғашықтарды бөлгісі келеді.


© PHOTO : НАТАЛИЯ САЦ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Алматыда "Аида &ndash сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Махаббат, кек алу, сатқындық, өлім көрсетілген қойылымға әртістер жыл басынан бері дайындалған.

"Әртістер қойылымға дайындыққа карантин басталмай тұрып кірісті.  Жалпы карантин кедергі келтірді деп айтуға келмейді, алдын ала жоспар құрылды. Қанша уақыт зерттеп, дайындыққа қандай уақыт кететіні белгіленді. Өз жұмысыма көңілім толады, әртістердің жұмысына да ризамын. Ал қойылымды тағы бір рет қою көрерменге байланысты", - деді Аюханов.

Балет &ndash сақтықты қажет ететін өте күрделі мамандық. Әртістер мансабы мен отбасын қатар алып жүруі керек, дейді балет өнерінің шебері.

Сонымен қатар әртістер Морис Равельдің музыкасына қойылған бір актілі "Болеро" балетін орындады.

Көрермен пікірі
Театр залы көрерменге лық толы болды. Залда карантин шаралары толық сақталған, екі адамның арасында екі орын бос тұрады. Көрермендер арасында егде жастағы адамнан бастап, мектеп оқушыларына дейін кездестіруге болады.

"Бұл өнердің өз көрермені бар екені анық. Балетті тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Мазмұны терең шығармалардың бірі болған сияқты, оны да екінің бірі түсіне бермейді. Мен әрең түсіндім. Бұл өнерді түсіну үшін бірнеше рет келіп, қойылымның тарихымен алдын ала танысу керек деген ойдамын", - дейді алматылық Гүлден Жашаралы.


© PHOTO : НАТАЛИЯ САЦ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Алматыда "Аида &ndash сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Алматылық тұрғынның бұл пікірін құрбысы да қолдай кетті. Жастар әртістердің еңбегі зор екенін, премьераның жоғары деңгейде өткенін алға тартты.

"Өте керемет әсер алдым. Қойылымды бастан-аяқ түсіндім деп айта алмаймын. Әдемі өнер екеніне, ептілікті, синхрондықты қажет ететін өнер екеніне көзім жетті. Актерлердің барлығы биік деңгейде өнер көрсетті. Премьера болғандықтан олар үшін де, көрермен үшін де толқитын сәт. Барынша көременге ұнауға тырысып, дайындық нәтижесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Аиданың рөлін сомдаған әртіс ерекше көзге түсті", - дейді Ботагөз Асхат.

Жастар қойылым балет өнеріне деген қызығушықты оятқанын айтты.

Театрдың 75-ші маусымы
2020 жылдың 7 қарашасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай театр ұжымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтаған болатын.
 
 




Көрілген: 1334    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31