Өркениет

Алматыда қазақстандық актрисаға такси жүргізушісі шабуыл жасады

  • Фото:instagram.com/saltanatmusic

    Фото:instagram.com/saltanatmusic

Қазақстандық әнші әрі актриса Салтанат Құдайбергеноваға такси жүргізушісі шабуыл жасады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Telegram-арналардың бірінде такси жүргізушісі мен әнші арасындағы жанжал Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысында болғаны хабарланған.

 

"Алматы қаласында "Индрайвер" такси жүргізушісі қазақстандық танымал актриса әрі әншіні ұрып-соғып, қашып кетті", - делінген видео сипаттамасында.

 

Алматы полициясы оқиғаны растады.

 

"Жәбірленуші алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан. Такси жүргізушісі анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы полковник Есен Ысқақов.

 

Салтанат Құдайбергенова әнші және актриса ретінде танымал. Ол "Кенже", "Бикештер" сериалдарына түскен, "Томирис" фильмінде ролі бар. "Арыс жағасында", "Сәлем", "Кең жайлау" және басқа да әндердің орындаушысы.

 

 




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 09:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31