Өркениет

Алматыда кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатыр – Бекшин

  • Алматыда кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатыр – Бекшин

    Алматыда кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатыр – Бекшин

Медициналық бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, адамдарды көп шоғырландырмау талаптарын орындаса, кинотеатрлар жұмыс істейді. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, барлық санитарлық талап сақталса, кинотеатрлар көрерменнің 30%-ін толтырып жұмыс істейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазір кинотеатрлар мен театрлар онлайн режимде жұмыс істеп тұр.

"Театрлар мен кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Медициналық бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, адамдарды көп шоғырландырмау талаптарын орындаса, бұл нысандар жұмыс істейді", - деді ол.
Айтуынша, қазір кинотеатрлардың 30%-ін толтырып ашу бойынша ұсыныстар айтылып жатыр. Ол жердегі қауіпсіздікті кинотеатрдың әкімшілігі қадағалайды.

"Қазір кинозалдың 30%-іне дейін көрермен қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр. Әрқайсысы залдың кескіндемесіне қарай көрермендерді қалай отырғызуға болатынын нақтылайды. Ол шахмат секілді отырғызылуы мүмкін немесе көрші орындық арасында бір метр арақашықтықты сақтап отырғызылады. Әр кинотеатр өзінің ыңғайына қарай осындай ұсыныстар айтып жатыр. Егер барлық талап сақталатын болса, онда кинотеатрдың жұмысына рұқсат беріледі", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар демалыс күндері Алматы маңындағы елді мекендерге электричкалар қатынайды.

"Бұл мәселе бақылауда тұр. Жұқпалы ауруды тарататын ең алдымен, қоғамдық көлік пен жабық нысандар. Қазір елді мекендер арасында жүретін электричкаларды ашып жатырмыз. Алматы – Ұзынағаш, Алматы – Қаскелең бағытындағы электричкалар демалыс күндері де, жұмыс күндері де жүреді", - деді Бекшин. 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30