Ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановқа Алматыда карантиндік шектеулер енгізілген тұста жанкүйерлерімен кездесу өткізгені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Гасановқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Оған 30 АЕК, яғни, 87 510 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, кеше, 29 шілдеде Гасанов Алматыда фан-кездесу өткізіп, оны полицейлер тоқтатты. Блогерді көруге қаланың "қызыл" аймақта тұрғанына қарамастан өте көп адам келген.