Өркениет

Алматыда танымал бизнесменнің тойына жұлдыздар түгел жиналды

  • Досбол Мәлікомардың үйлену тойы: Instagram

    Досбол Мәлікомардың үйлену тойы: Instagram

Өткен аптада отандық өнер жұлдыздарының барлығы дерлік Алматыда бас қосты. Танымал бизнесмен әрі облыстық мәслихат депутаты Досбол Мәлікомар шаңырақ көтеріп, Алматы төрінде дүркіретіп тойын өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бизнесменнің тойына Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, "Жігіттер" квартеті, Шман апа атымен танылған Ерболат Төлеген бастаған бірқатар өнер жұлдыздары келді.

 

Сондай-ақ, спортшылар арасынан «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұлды байқауға болады.

 

Той қонақтары әлеуметтік желіде суреттерін бөлісті. Досбол Салтанат есімді бойжеткенмен көңіл қосып, отау құрған.

 

"Көптен күткен шаңырақ көтерген күніміз әуелі Алланың қалауымен, кейінгісі ата-анамның дұғасымен жақсы аталып өтті деп ойлаймын. Көптің ақылын алдық, тілегін тыңдадық. Бізден кеткен қателік пен кемшілік болса кешіріңіздер! Сіздерге мың алғыс.

 

 

Өз басым той жасаудың өте қиын және ауыр екенін енді түсіндім. Тойға кешікпей келуді, той жасауға нақты программа жасалатыны, көптеген қойылымдар қойылатыны, «Міндетті түрде келем» -деп, бармай қалуға болмайтыны, сіз үшін орын дайындалатынын білдік.

Той өткеннен бері тойды көзбен көріп - куәсі болған қонақтар тілектерін аямай жаудырып жатыр, үлкен рақмет!

Халал тойдың көңілді өткенің, халал тойды көңілді өткізуге болатынын дәлелдедің деп те айтқандар жоқ емес.

Ең бастысы сіздердің дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Бізге дұға болып айтылған, комент болып жазылған жақсы сөздеріңіздің әрбір әріпіне, сіздерге сансыз еселенген сауаптан жазсын!» - деп жазды кәсіпкер желідегі парақшасында.

 

 

Айта кетелік, Досбол Мәлікомар «Dveri City» дүкендер желісінің негізін қалаушы. Осыдан екі жыл бұрын ол әкесінің мерейтойын дүркіретіп өткізген болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 5620    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 10:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31