Өркениет

Алматыдағы жетімдер үйінің балаларына армандауды үйреткен - Мария Макарова

  • Алматыдағы жетімдер үйінің балаларына армандауды үйреткен - Мария Макарова

    Алматыдағы жетімдер үйінің балаларына армандауды үйреткен - Мария Макарова

 Өмірің жаман болған сайын, жақсылықты одан әрі көп жасауың керек. Кез келген жағдайда жақсылық жасауға тырыс. Өйткені сол жақсылық біршама уақыттан кейін өзіңе оралады. "Право на любовь" қоғамдық қорының жетекшісі Мария Макарованың ұстанымы осындай. TengriMIX Алматыда орналасқан балаларға арналған жетімдер үйінің қамқоршысы туралы баяндайды.


Мария Макарованың айтуынша, адамдарға көмектесу оның өмірлік мақсаты. Кішкентай кезінен бастап ол балаларды жинап, егде жастағы адамдар тұратын үйлердің ауласын жинаған. Ал өскеннен кейін адамдарға көмектесу оның күнделікті жұмысна айналып кеткен. Мария Алматыдағы Қазақ-Неміс университетінің әлеуметтік ғылым мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Өз қорын ашпай тұрып, Мария бірнеше жыл шетелде жүріп танымал халықаралық ұйымдарда тәжірибе жинаған. "Әлеуметтік қызметкер болу үшін оқу орнын тәмамдау қажет. Мысалы, сіз егде жастағы әйелге көмектесіп жатсыз делік. Оған қарап жүрген кезде кенеттен инфаркті басталып кетуі мүмкін. Яғни жедел медициналық көмек көрсете білуіңіз керек. Әлеуметтік әлсіз топтарға жататын адамдармен де дұрыс сөйлесе білу қажет. Бұл жұмыстың барлық деңгейде дұрыс жасалуы да маңызды. Оның ішінде: білім, психологиялық, мәдени жағынын да сауатты болу керек. Мысалы, мен Австриядағы Альпіде орналасқан жасөспірімдерге арналған арнайы мекемеде болған кезде, тренинг өткізуді, көмек көрсетуді, ерікті болуды, жоба жасауды, грант алу жолдарына дейін үйренген едім", - дейді ол.



Университетті тәмамдағаннан кейін Мария Талғарда орналасқан "Нұр" балалар үйіне жиі барып тұрған. Ол жаққа барған сайын маманның балаларға деген сүйіспеншілігі одан әрі артқан. Бірде әріптестері оған Алматыда кәмелетке толмаған балаларға арналған уақытша мекемеменің бар екенін айтқан. "Осы мекеменің балаларын бірінші рет көргенімде оларға жаным қатты ашыды. Қазір көп нәрсені көңіліме алмауға тырысамын. Есесіне олардың проблемасын шешкім келеді. Көбіне адамдар олардың ата-аналарына айып тағады. Яғни ішімдік ішеді, балаларын тастайды дейді. Бірақ бұл айыптар маған қатысты емес. Мен жетім балаларға көзқарасым басқаша. Олардың қажеттілігін өтегім келеді. Сонымен қатар, баланың еш кінәсі жоқ екенін де ұққан жөн. Маған қоңырау шалатындар өте көп: кейбірі көмек сұрайды, кейбірі көмектескісі келеді. Былтыр маған шетелде жұмыс істеуге шақырту келген еді. Бірақ бұл ұсыныстан бас тартып, қайырымдылық қор аштым. Себебі бұл жұмыс менің жаныма жақын", - дейді Мария. Тәрбиеші осы жұмысты жеті жыл істеп, бірнеше жоба жасаған. Осы жобалардың арқасында балалар жан-жақты дамып қана қоймай, өздерінің арман-мақсаттарына жетіп жатыр. Мария оларға өз кемшіліктерін сезінбеуге және олардың артықшылықтарын байқатып, сондай-ақ басқа адамдарға пайдалы екенін айтып жүреді. "Біз балаларды командалық жұмысқа үйретеміз. Балалар үйінде ұстахана жұмыс істейді, аптасына бір рет оларға әртүрлі мамандар келеді. Олар бірге қолөнерді, киім тігуді, майда моншақпен кесте тігуді үйренеді. Сондай-ақ туған күндерді атап өтеміз. Балалар армандарын суретке салады, ал кейбір қамқор адамдар оны орындайды. Аяз атаға хат жазамыз. "Добрые сказки" жобасы аясында әр жексенбіде бізге танымал адамдар келіп, ертегілер оқиды. Балаларға ересектермен әңгімелесу жетіспейді. Басында балалар үйіне ешкім көмек көрсетпейтін. Бірақ қазіргі кезде қонақтар келіп тұрады. Кейбір қамқоршы адамдар оларды кинотеатрға, музейге, театрға апарады", - дейді ол.


Нәтижесінде балалар өз тағдыры туралы терең ойға батпай, болашақта болатын жарқын өмірі туралы ойланып жүреді. Сондай-ақ ата-аналары жайлы ойлап, олармен қайта кездесуді де аңсайды.




Бірнеше жыл жұмыс өтілі болғандықтан, Алматының білім басқармасы Марияны қамқоршылық кеңесінің басшысы етіп тағайындаған. "Бұл ештеңені өзгертпейді. Басында қалай жұмыс істесем, қазір де дәл солай жұмыс істеп жүрмін. Маған ешқандай марапаттар керек емес. Қайырымдылық - өмірдің маңызды бір бөлігі. Көп адам бұл іспен айналысып жүр. Балаларға армандауды, жақсылықты ойлауды, бірін-бірі қолдауды және қайырымды болуды үйрету қажет. Оларға сырттан қарасаңыз, бақытқа кенелесіз. Болмашы заттарға қуануды мен олардан үйрендім", - дейді тәрбиеші.

 



Балалар келген қонақтарға риза болады. Олар Наталья Сац атындағы балалар және жасөспірімдер театрына барғанда қуанып, әсерленіп қайтады. Себебі олар бұл көріністерге басқаша көзбен қарайды екен. Бірнеше жылда жүздеген бала осындай жылы кездесулерде болған. Әрине, бұл іс-шараның барлығы олардың ата-анасының сүйіспеншілігін алмастыра алмайды. Бірақ балалар өздерін жалғыз сезінбейтіні анық.




Сонымен қатар Мария жұмысынан тыс уақытта өлең шығарады. Ол Федор Тютчев атындағы халықаралық әдебиет байқауының лауреаты атанған.

Мектеп кезіңізді еске түсіре отырып, сүйікті мұғалімдеріңіз немесе балаларыңыздың ұстаздары жайлы айтарыңыз болса, news@tn.kz поштасына хабарлама жіберсеңіздер болғаны. Осы жоба арқылы алғыс айтылуы тиіс мұғалімдерімізді бүкіл елге танытқымыз келеді. "Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.

kaz.tengrinews.kz


 




Көрілген: 3626    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31